Марсело мансабын Грекияда жалғастырады

03.09.2022, 12:19
Футболшы Грекияның көшбасшы командасымен бір жылдық келісім-шарт жасасты.
Марсело мансабын Грекияда жалғастырады

«Реал Мадридтің» бұрынғы қорғаушысы Марсело жақын арада «Олимпиакосқа» ауысады. Бұл туралы италиялық журналист Фабрицио Романо хабарлады.

Инсайдердің айтуынша, бразилиялық футболшының грекиялық клубпен келісім-шарты 2023 жылдың жазына дейін жарамды болады, тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған. Жақында Олимпиакос бұл трансфер туралы ресми ақпарат жариялайды.

Еске салайық, 34 жастағы Марсело 15 жылдан астам уақыт бойы «Реал» сапында ойнады. Осы уақыт ішінде ол 544 матчқа қатысып, 37 гол соқты, 103 нәтижелі пас берді. Бразилиялық қорғаушы «Реал Мадрид» сапында 25 трофей жеңіп алды.

«Олимпиакос» Грекия чемпионатының екі турынан кейін төрт ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×