«Вулверхэмптон» Бельгия құрамасының қорғаушысын қатарға қоспақ

03.09.2022, 12:32
27 жастағы қорғаушы қазір клубсыз жүр.
«Вулверхэмптон» Бельгия құрамасының қорғаушысын қатарға қоспақ

Еркін агент атанған Бельгия құрамасының 27 жастағы қорғаушысы Джейсон Денайер «Вулверхэмптон» клубымен келісім-шартқа отыруы мүмкін. Бұл туралы команданың бас бапкері Бруну Лаже мәлімдеді.

«Алдағы күндері не болатынын көреміз, мен Денайерді жақсы білемін. Біз орталық қорғаушыларымызға ризамыз, бірақ бір тәжірибелі ойыншыны әкелуге мүмкіндігіміз болса, жақсы болар еді», - деді Лаже Фабрицио Романоға берген сұхбатында.

Денайер 2013 жылдың шілдесінде «Манчестер Ситиге» ауысты, бірақ ағылшын командасының құрамында бірде-бір рет алаңға шықпай, басқа клубтарға жалға берілді. 2018 жылы «қалалықтар» Денайерді «Лионға» сатты, онда Джейсон 137 матчта сегіз гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

2015 жылы Денайер Бельгия құрамасында дебют жасап, содан бері 35 ойынға қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×