Ян Вороговский осы маусымдағы алғашқы голын соқты

03.09.2022, 18:16
Футболшы бельгиялық клубтағы үшінші голын соқты.
Ян Вороговский осы маусымдағы алғашқы голын соқты

«РВД Моленбек» Бельгия бірінші лигасының төртінші турындағы ойында «Андерлехт U-23» командасымен тең ойнады (2:2).

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский «РВД Моленбектің» негізгі құрамында шығып, толық ойын өткізді. Ол кездесудің 87-минутында мергендігімен көзге түсті. Бұл Янның биылғы маусымдағы алғашқы голы болды.

Төрт турдан кейін «РВД Моленбек» 5 ұпаймен Бірінші лиганың турнирлік кестесінде алтыншы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×