Маркос Алонсо «Барселона» ойыншысы атанды

03.09.2022, 18:45
Футболшы каталониялық клубқа еркін агент ретінде қосылды.
Маркос Алонсо «Барселона» ойыншысы атанды

«Челсидің» бұрынғы қорғаушысы Маркос Алонсо «Барселонаға» ауысты. Каталондық клубтың ресми парақшасында хабарлағандай, футболшы бір жылдық келісім-шартқа қол қойды. Испаниялық қорғаушы жаңа командасында 17-нөмірмен ойнайтын болады.

«Кезінде әкем ойнап, керемет жетістікке жеткен командада өнер көрсетудің өзі бір ғанибет. Мені бұл жерге жетелеген тағы бір себеп бар. Әкемнің мені «Камп Ноудағы» ойындарды көруге апарғаны есімде, сондықтан осы стадионда ойнағым келді.

Мұнда келмес бұрын Хавимен сөйлестім. Оның менен нені қалайтынын білгім келді. Менің тәжірибем бар және оны командаға ұсынғым келеді. Испания құрамасында ойнағандықтан, «Барселонадағы» көптеген ойыншыларды білемін. Олармен бірге ойнауды асыға күтемін», - деді Алонсо.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алонсоның «Челсимен» келісім-шартты екіжақты мәміле бойынша бұзғаны белгілі болған еді. Қорғаушы Пьер-Эмерик Обамеянгтың трансферінің бір бөлігі ретінде «Барселонаға» еркін агент ретінде ауысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×