Бұл атаққа грузиялық ойыншы ие болды.
Бұл атаққа грузиялық ойыншы ие болды.
«Наполи» клубының жартылай қорғаушысы Хвича Кварацхелия Италия футбол қауымдастығының (AIC) нұсқасы бойынша тамыз айындағы А сериясының үздік ойыншысы атанды.
Өткен айда 21 жастағы грузин футболшысы Италия чемпионатында 4 матч өткізіп, 3 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді.
Кварацхелия «Наполиге» 2022 жылдың жазында «Динамо» Батумиден ауысқан еді. Трансфер құны 10 миллион еуроны құрады. Жартылай қорғаушы 2019 жылдан 2022 жылға дейін ресейлік «Рубин» сапында өнер көрсетті.
0 пікір