Римдік клуб маусым басындағы төрт ойында он ұпай жинады.
Римдік клуб маусым басындағы төрт ойында он ұпай жинады.
«Романың» жаттықтырушысы Жозе Моуриньо Италия біріншілігінің тамыз айындағы үздік бапкері атанды, деп хабарлайды турнирдің баспасөз қызметі.
Төрт турдан кейін «Рома» 10 ұпай жинап, «Атлантамен» турнир кестесінде 1-ші орынды бөлісіп тұр. Римдіктер өткен айда 3 рет жеңіске жетіп, 1 ойында тең түскен.
Келесі турда «Рома» сырт алаңда «Удинеземен» ойнайды. Кездесу 4 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен 00:45-те басталады
0 пікір