Дінмұхамед Қашкен «Жальгиристің» негізгі құрамына орнықты

22 жастағы қорғаушы кеше 90 минут ойнады.

Дінмұхамед Қашкен «Жальгиристің» негізгі құрамына орнықты

Владимир Чебурин жаттықтыратын «Жальгирис» Литва чемпионатының 25-ші турындағы ойында «Джюгаспен» тең түсті (1:1).

22 жастағы қазақстандық қорғаушы Дінмұхаммед Қашкен «Жальгиристің» негізгі құрамында шығып, толық ойын өткізді. Осылайша, футболшы үшінші матч қатарынан 90 минут ойнады.

25 турдан кейін 54 ұпай жинаған «Жальгирис» Литва чемпионатының турнирлік кестесіндегі бірінші орнын сақтап қалды.

Қашкен «Жальгириске» наурыз айының басында қосылған еді. Оның командасы биыл Конференция лигасының топтық кезеңінде «Слован Братислава», «Базель» және «Пюникпен» күш сынасатын болады.

0 пікір