Роберт Левандовски Ла Лига рекордын қайталады

04.09.2022 13:20 Ла Лига

Поляк футболшысы төрт ойында бес гол соғып үлгерді.

Роберт Левандовски Ла Лига рекордын қайталады

«Барселонаның» шабуылшысы Роберт Левандовски Ла Лиганың 4-турында «Севилья» (3:0) қақпасына гол соқты.

Поляк футболшысы «Барселона» сапындағы алғашқы төрт ойынында бесінші голын соғып, Криштиану Роналду («Реал Мадрид», 5) және Радамель Фалькаоның («Атлетико», 5) Ла Лигадағы рекордын қайталады.

34 жастағы Левандовски каталониялық клубқа жазғы трансферлік терезеде «Бавариядан» ауысып келді. Бұған дейін Роберт «Реал Сосьедад» пен «Вальядолид» клубтарының қақпасына дубль жасаған болатын.

0 пікір