Марсело «Қайратқа» қолдау көрсетпек

21.04.2015, 21:25
Марсело «Қайратқа» қолдау көрсетпек
Мадридтік «Реалдың» ойыншысы Марсело УЕФА кубогының төрттік финалында алматылық «Қайрат» футзал клубына қолдау көрсетеді, деп хабарлайды алматылық ұжымның баспасөз қызметі. Бұл туралы атақты бразилиялық қорғаушының жақын досы, алматылық команданың қақпашысы Игита мәлімдеді. «Мен Марселомен сөйлестім, Мадрид пен Лиссабонның арасында алыс емес қой, сондықтан ол келіп, «Қайрат» АФК-ға қолдау көрсетуге уәде берді», - деді Игита. Естеріңізге сала кетсек, 24 сәуірде «Қайрат» УЕФА кубогының жартылай финалында ресейлік «Динамен» кездеседі.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×