Зиданның Роналду мен Мессиден артық қойған ойыншысы кім?

22.04.2015, 21:04
Зиданның Роналду мен Мессиден артық қойған ойыншысы кім?

Қазіргі таңда «Реал Кастилья» клубын жаттықтырып жүрген әйгілі француз футболшысы Зинедин Зидан Роналду мен Мессиден гөрі Эден Азардың шеберлігі жоғары екенін мәлімдеді. Бапкер бұл туралы испан басылымына берген сұхбатында айта кеткен.

- Мен көптеген футболшылардың ойын өрнегін қадағалап келемін. Олардың қатарында Роналду мен Месси де бар. Екеуі де өте мықты ойыншылар. Бірақ маған Эден Азардың ойыны ұнайды. Оның доп алып жүрудегі жасаған қимылдарына тәнті боламын. Ол көп еңбектенеді. Соның арқасында жылдан-жылға өз шеберлігін дамытып келеді. Меніңше, «Челсидің» ағылшын премьер-лигасында көш бастауы – Азардың арқасында, - деген Зиннедин Зидан.

Айта кетейік, 2006 жылы Германияда өткен әлем чемпионатынан кейін Зинедин Зидан спорттық мансабын аяқтағанын хабарлаған болатын. Одан бергі аралықта бапкерлік жұмыспен айналысып келеді. Алдағы уақытта Еуропаның топ-клубтарына енетін ұжымдардың бірінің тізгінін ұстап қалуы да мүмкін. Олардың қатарында «Реал» да бар екені анық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×