Мәсімжановтың жазасы жеңілдеді

11.05.2011, 17:29
Мәсімжановтың жазасы жеңілдеді
Қазақстан футбол федерациясы Тәртіптік-бақылау комитетінің шешімімен ел футболынан мәңгілікке аластатылған «Қайрат» футболшысы Арман Мәсімжанов үш жылдан кейін қайта доп тебе алатын болады. Бұл шешімді «Қайрат» футбол клубының арызын мұқият қараған Қазақстан футбол федерациясының апелляциялық комитеті шығарды. Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының 15-інде премьер-лига ойындарының аясында «Қайрат» пен «Локомотив» футбол клубтарының қосалқы құрамдары кездесіп, соңы төбелеске ұласқан болатын. Нәтижесінде қарсыласының арқасынан оқыстан секіре тепкен Арман Мәсімжановқа футбол ойнауға өмір бойына тыйым салынған болатын. Енді, міне, Арманның мәселесі қайта қаралып, жаза мерзімі үш жылға дейін қысқарды. Сонымен, Мәсімжанов 2014 жылдың басында қайта доп тебе алатын болады. ҚФФ апелляциялық комитеті «Қайсар» футбол клубының ойыншысы Талғат Сыздықовтың да жазасын қысқартты. Естеріңізде болса, өткен жылы бірінші лига матчы кезінде «төрешіні сатып алмақшы болды» деп айыпталған Сыздықов үш жылға футболдан аластатылған болатын. Енді ол жасыл алаңға тамыз айының бірінші күнінен бастап қайта шыға алады. Автор: Арсен Жанаділ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×