Барселонының көшбасшысы жарақатынан айығып үлгере алмауы мүмкін.
Осыдан бір ай уақыт бұрын алған жарақаттың ем-домы әлі де болса созылуда. "Реал Мадридке" қарсы ойынға 28 жасар футболшы толықтай дайын бола алмайды.
Футболшының өзі алаңға шығуға дайын болғанымен, дәрігерлер бұған үзілді-кесілді қарсы. Себебі, ол ойыннан кейін Мессидің тағы бірнеше ай алаңға шыға алмау қаупі бар.
Сонымен қатар, клуб басшылығы "Сантьяго Бернабеудағы" ойынды маусымның аса маңызды ойыны деп санап отырған жоқ. "Барселона" былтыр, алғашқы айналымдағы "эль-класикода" есе жібергенімен, маусым аяғында Ла Лигадағы жеңісті тойлаған еді.