Месси карьерасындағы 399- шы голын салды

23.09.2014, 02:12
Месси карьерасындағы 399- шы голын салды
"Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси Испания чемпионатының 4- ші турында «Леванте» қақпасынан саңылау тауып, карьерасындағы 399- шы голын салды. 27- жастағы аргентиналық каталондықтар сапында 430 матчқа қатысып, 357 рет көзге түссе, Аргентина ұлттық құрамасы сапында 93 кездесуге қатысып, 42 гол салған. Сонымен қатар, Месси «Левантеге» қарсы ойында 2 голдық пас берген. Мессидің Испания чемпионатындағы келесі ойыны "Малагаға" қарсы өтпек. Матч бейсенбіге қараған түні "Ла Росаледа" стадионында өтеді. Дайындаған: Ерден Нұрахмет
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Сойқандарды сойып салды
Келесі жаңалық
Ван Галға қорғаушы керек
Серіктес жаңалықтары
×