Ван Галға қорғаушы керек

23.09.2014, 19:40
Ван Галға қорғаушы керек
"Манчестер Юнайтед" командасының бас бапкері Луй Ван Гал клуб басшыларынан трансферге тағы да 50 миллион ақш долларын сұрап отыр. Маманның айтуынша командаға тағы бір мықты қорғаушы алу керек екен. Бұл ақпарат жайлы бүгін ВВС агенттігі хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы маусым аралық үзілісте "МЮ" онсызда қомақты қаржы жаратты. Жалпылама есептегенде шамамен 150 миллин ақш доллары кеткен. Мысалы жаңадан келген футболшылардың барлығы өқымбатқа түскен. Анхел Ди Марияның өзі 59 млн. фунт стерлинг тұрды. Ал Андер Эрера 29 млн фунтқа келсе, Люк Шоу 27 миллионға шықты. Сонымен қатар, Маркос Рохоны командаға алу үшін "қызылдар" "Спортинг" командасына 16 млн. фунт төледі.

Трансферлік маусымның соңына қарай голландиялық Дэйли Блинд "Аякстан" 13,8 млн. фунтқа ауысты. Ал Фалькаоның уақытша жалға келуіне "МЮ" 6 млн. фунт төлеген.

Бірақ, "Манчестер" басшылары әзірге Ван Галға ақша беруге асығып отырған жоқ. Олардың ойынша ондай қымбат футболшыларсыз да бапкер жақсы нәтиже көрсете алатын команда жасақтауы тиіс. Өйткені, бапкерді клуб ұжымы қиын-қыстау жағдай болғаннан соң шақырған. 3 жылға келісімге отырған бапкер кезінде "Аякс", "Барселона", "Бавария"  және АЗ командаларымен біршама жетістіктерге жеткен. 1995-жылы ол "АЯКСпен" чемпиондар лигасын жеңді. 2010-жылы "Бавариямен" финалға дейін жетті. Ал биыл 62-жасар бапкер Голландия құрамасымен Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×