Месси мен Роналду бір командада ойнауы мүмкін

16.04.2015, 02:38
Месси мен Роналду бір командада ойнауы мүмкін
Құрлықтық хоккей лигасында «Жұлдыздар матчы» бар екенін жақсы білеміз. Оған Шығыс және Батыс конференциясының сыралғы хоккейшілері жиналып, жанкүйерлерге нәтижелі ойын мен керемет шоу сыйлайды. Енді бірер жылдың ішінде дәл осындай жобаны Еуропа футбол қауымдастығы (УЕФА) ұйымдастырып қалуы бек мүмкін, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы батыстық басылымдарына сілтеме жасап. Испан басылымдары таратқан мәлімет бойынша, УЕФА «Жұлдыздар матчы» деп аталатын ойынды ұйымдастыру үшін барлық жағдайды жасап отыр екен. Бірақ, қауымдастықтың атқарушы комитеті бұл жобаны әлі мақұлдамай отырған көрінеді. Аталмыш ойынға Еуропа чемпионатында жақсы ойынымен көзге түсіп жүрген саңлақтар іріктеліп алынады. Футболшылар әр елдің георграфиялық орналасуына байланысты бөлінеді. Тарқатып айтар болсақ, бұл ойынға Еуропаның оңтүстігінде және солтүстігінде орналасқан елдердің бірішілігінде ойнайтын футболшылар шақыртылады. Оңтүстіктің жұлдыздарының қатарына Испания, Италия, Франция және Португалия біріншілігінде доп тебеін футболшылар тартылса, солтүстік команданың намысын Англия, Германия, Голландия біріншілігінің футболшылары қорғайды. Тағы бір ескеретін жәйт, жоба ресми түрде басталатын болса екі команданың бас бапкерлері әр клубтардан тек 2 немесе 3 аяқдопшы шақырта алады. Сондай-ақ егер жаңа жоба мақұлданса онда соңғы жеті жыл бойы әлемнің үздік футболшысына берілетін «Алтын допты» екеуара бөлісіп жүрген Криштиану Роналду мен Лионель Месси бір команданың, Еуропаның оңтүстік бөлігінің намысын қорғайтын ұжымның қатарында ойнауы әбден мүмкін. Роналду мен Мессидан бөлек Mundo Deportivo» басылымы тізген тізім бойынша бұл ойынға мына футболшылар қатысуы ықтимал. Оңтүстік Еуропаның құрамы – қақпашы: Джанлуиджи Буффон (Ювентус); қорғаушылар: Тиагу Сильва (ПСЖ), Жерар Пике (Барселона), Серхио Рамос (Реал), Данило (Пору); жартылай қорғаушылар: Неймар (Барселона), Коке (Атлетико), Поль Погба (Ювентус), Леонель Месси (Барселона); шабулшылар: Златан Ибрагимович (ПСЖ), Криштиану Роналду (Реал). Солтүстік Еуропаның құрамын – қақпашы: Мануэль Нойер (Бавария); қорғаушылар: Джон Терри (Челси), Матс Хуммельс (Боруссия Д), Давид Алаба (Бавария); жартылай қорғаушылар: Арьен Роббен (Бавария), Анхель Ди Мария (МЮ), Давид Сильва (МС), Марко Ройс (Боруссия Д); шабулшылар: Алексис Санчес (Арсенал), Серхио Агуэро (МС), Эден Азар (Челси) Әрине, футбол шенеуніктері жобаны футбол жанкүйерлеріне шоу ұйымдастыру үшін қолға алып отыр. Бұл жобадан қаржы аз түспейтіні де белгілі. «Жұлдыздар матчын» өткізу үшін қазір УЕФА демеушілер іздестіріп жатыр екен. Қолдау көрсететін компаниялар табылып жатса, бұл жобаның бірінші матчын жанкүйерлер 2017 жылы көре алады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×