ФИФА өзінің ресми сайтында 2015 жылғы «Алтын допқа» үміткер 23 футболшының тізімін жариялады. Енді ұлттық құрамалардың капитандары мен жаттықтырушылары, БАҚ өкілдері өздерінің таңдауларын жасағаннан кейін,яғни, қарашаның 30-шы жұлдызында олардың саны үшке дейін азаяды. Ал «Алтын допты» марапаттау рәсімі 11-інші қаңтар күні Цюрих қаласында өтеді.
Үздік 23 аяқдопшы белгілі болғаннан кейін, халықаралық ұйымның шешіміне футбол сүйер қауымның келісе қоймайтыны белгілі болды. Неге бұл тізімде - «Ювентустің» былтырғы маусымдағы басты қаруы – Карлос Тевезге орын бұйырмаған. 37 жасқа толса да, әлемнің үздік қақпашыларының бірі атанып жүрген Джанлуиджи Буффон тіпті «Алтын допқа» үміткерлердің кеңейтілген тізіміне де ілінбеген болатын. Естеріңізге сала кетсек, ол тізімде Тер Штеген, Жерар Пике, Сеск Фабрегас, Джордан Хендерсон, Месут Озил мен Халк сынды футболшылар да жоқ. Есесіне тізімнен «Борнмутқа» жалға берілген «Челсидің» ойыншысы Кристиан Атсуды, «Арсеналдың» қақпашысы Давид Оспинаны мен «КПР» жартылай қорғаушысы Массимо Луонгоны көруге болады.
Олай болса. жеңіске үміткер жиырма үш футболшының 2015 жылғы көрсеткен ойыны жайлы толығырақ..
- Хавьер Маскерано
Маскерано «Барселонамен» требл жасаса, Аргентина құрама командасымен «Америка Кубогінің» финалына дейін жетті. Қорғаушы жыл бойы жақсы өнер көрсетті. Үздіктердің қатарына лайықты ойыншы десек болады. Бірақ, Хавьер 23 ойыншының қатарына кіріп, аргентиналықтың «Барсаның» қорғаныстағы серіктесі Жерар Пикенің кеңейтілген тізімге кірмей қалуы аздап түсініксіздеу.
2015 жылда өткізген ойын саны: 46
Сары қағаздар саны: 20
Қызыл қағаздар саны: 1
Гол+пас: 0
- Андрес Иньеста
Әлемдік футболдағы ең лауазымды ойыншылардың бірі бұл тізімге кірмесе болмас еді. Иньеста кезекті маусымды жақсы деңгейде өткізіп, «каталондықтарға» 4 титул жеңіп алуға көмектесті.
2015 жылда өткізген ойын саны: 38
Сары қағаздар саны: 6
Қызыл қағаздар саны:0
Гол+пас: 10
21.Хамес Родригес
2014 жылдың ең үздік голының авторы бұл тізімге енуі заңды. «Реал Мадрид» та, Колумбия құрама командасы да бұл жылы өз деңгейлерінде өнер көрсете алмаса да Хамес командаластарына гол соғу үшін мүмкіндіктер жасауда да, өзі шабуылды аяқтауда да шеберлік таныта білді. Оның статистикасы да соның дәлелі.
2015 жылда өткізген ойын саны: 27
Сары қағаздар саны: 5
Қызыл қағаздар саны:0
Гол+пас: 21
20.Тони Кросс
Кроостың басты қаруы – алаңды жақсы көру. Кез-келген қашықтықта допты командаласына дәл жеткізе алады, екі аяғымен де жойқын соққылай жасай береді. Және қорғаушыларға да өте жақсы көмектеседі.
2015 жылда өткізген ойын саны: 44
Сары қағаздар саны: 8
Қызыл қағаздар саны:0
Гол+пас: 5
19.Карим Бензема
Анчелотти басқарған ұжым, сәтсіз маусым өткізгенімен, кейбір ойыншыларға жанкүйер тарапынан реніш болмауы тиіс. Солардың бірі – Бензема. Француз шабуылшысы жыл бойы сапалы ойын өрнегін көрсете білді. «Арсеналдың» 50 миллион ұсынуы да сол себепті.
2015 жылда өткізген ойын саны: 30
Сары қағаздар саны: 2
Қызыл қағаздар саны:0
Гол+пас: 18
17.Иван Ракитич
«Севильядан» ауысып келген жартылай қорғаушы өз шеберлігін бірден таныта бастады. Маусым бойы жарқын ойын көрсете білген хорват жартылай қорғаушысының үздіктер қатарынан табылуы ешкімді естен тандырмасы анық.
2015 жылда өткізген ойын саны: 53
Сары қағаздар саны: 5
Қызыл қағаздар саны:0
Гол+пас: 16
16.Артуро Видаль
«Ювентустің» 2014/15-ші маусымда сәтті ойнауының басты себебінің бірі болған Видаль, оған қоса Чили құрама командасымен «Копа Америка» жарысында жеңіске жетті. Өз футболдық мансабында үздік жыл өткізіп, Артуро «Бавария» сапына ауысты.
2015 жылда өткізген ойын саны: 47
Сары қағаздар саны: 10
Қызыл қағаздар саны:0
Гол+пас: 13
15.Кевин де Брюйне
2014/15-ші маусымда «Вольфсбург» сапында өте сәтті ойын көрсетіп, «Манчестер Сити» 70 миллионға сатып алды.Өткен маусымдағы Бундеслиганың үздік ойыншысы Манчестерде бірден жақсы ойын көрсете бастады, 4 ойында гол+пас жүйесе бойынша 7 ұпай жинап үлгерді.
2015 жылдағы Кевиннің тамаша статистикасы:
2015 жылда өткізген ойын саны: 49
Сары қағаздар саны: 8
Қызыл қағаздар саны:0
Гол+пас: 38
- Яя Туре
Яя Туре жоғары деңгейдегі проффесионал болып табылады. «Қалалықтардың» сөзсіз лидері, шабуылдағы барық қимылдар Туре арқылы құрылады. Оған қоса, «Африка Кубогінде» алтын медаль ұтып алып, турнирдің үздік ойыншыларының бірі болды.
2015 жылда өткізген ойын саны: 32
Сары қағаздар саны: 5
Қызыл қағаздар саны:0
Гол+пас: 12
14.Арьен Роббен
Әлемнің ең мықты ойыншыларының бірі 2015 жылды өз деңгейінде өткізді.Ия, жарақаттар кедергі келтіруде. Бәріміз Еуропаның ең жылдам ойыншыларының бірінің алаңға барынша тез оралғанын қалаймыз.
2015 жылда өткізген ойын саны: 18
Сары қағаздар саны: 0
Қызыл қағаздар саны:0
Гол+пас: 9
13.Златан Ибрагимович
Басқаларды өз ырқына бағындыра білетін швед шабуылшысы өзінің бойы ұзын болса да, техникасы өте дамыған, кез-келген жерден кез-келген жолмен гол сала алады. Жақында «ПСЖ» тарихындағы үздік сұрмерген атанды.
2015 жылда өткізген ойын саны: 39
Сары қағаздар саны: 8
Қызыл қағаздар саны:1
Гол+пас: 43
12.Томас Мюллер
Тамаша дриблингі мен ойынды жарып жіберер жылдамдығы болмаса да, Еуропаның үздік ойыншыларының бірі екендігі сөзсіз. Ол дер кезінде пас бере алады, қарсылас күтпеген жерден атып шығып, допты қақпаға бағыттай алады, және өз мүмкіндіктерін ұқыпты пайдалана біледі.
2015 жылда өткізген ойын саны: 42
Сары қағаздар саны: 4
Қызыл қағаздар саны:0
Гол+пас: 37
11.Гарет Бэйл
Бэйл деңгейіндегі ойыншылар, команданың сәтсіз маусымына қарамастан, үздіктер қатарына қосылуы күмән тудырмайды. Және Уэльс құрама командасына Францияда өтетін «Еуроға» жолдама алып берді.
2015 жылда өткізген ойын саны: 38
Сары қағаздар саны: 1
Қызыл қағаздар саны:0
Гол+пас: 23
- Мануель Нойер
Берілген тізімдегі жалғыз қақпашы. 2014/15-ші Бундеслиганың бірінші айналымында бар-жоғы 4 гол өткізді. Қазір әлемнің ең үздік қақпашысы екені даусыз.
2015 жылда өткізген ойын саны: 43
Сары қағаздар саны: 3
Қызыл қағаздар саны:0
Орташа есеппен бір ойында өткізетін гол саны: 0,4
- Эден Азар
Өткен маусымдағы ағылшын премьер-лигасының үздік ойыншысы. Бір пас немесе бір дриблинг көмегімен ойын тағдырын шеше алатын бельгиялық жартылай қорғаушының тамаша өткізген маусымы үздіктердің қатарына кіруге мүмкіндік берді.
2015 жылда өткізген ойын саны: 47
Сары қағаздар саны: 2
Қызыл қағаздар саны:0
Гол+пас: 24
8.Поль Погба
Әлемнің ең мықты жартылай қорғаушыларының бірі, Француз ойын кезінде қара жұмыстың барлығын дерлік өз мойнына алады, оның үстіне шабуылда да көмек көрсетеді. Тамаша техника мен жойқын соққыларға ие, алғыр,жармасқыш, ырыққа көнбейтін Погбаның 23 футболшының қатарына кіруі дәйекті пікір.
2015 жылда өткізген ойын саны: 33
Сары қағаздар саны: 5
Қызыл қағаздар саны:0
Гол+пас: 14
7.Алексис Санчес
Санчес мансабындағы үздік маусымын өткізді. Клуб та да, құрама команда да тамаша ойын көрсетті. «Арсеналмен» ағылшын кубогін жеңіп алса, ұлттық құрама сабында «Копа Америка» жарысының жеңімпазы атанды. Чилилікті бұл құрамнан көргеніміз таң қалдырмайды. Статистика оны дәлелдейді.
2015 жылда өткізген ойын саны: 47
Сары қағаздар саны: 3
Қызыл қағаздар саны:0
Гол+пас: 28
6.Серхио Агуэро
Агуэро ағылшын премьер лигасының өткен маусымдағы үздік сұрмергені атанды және ұлттық құрамасымен «Америка Кубогінде» финалға шейін жетті. Осы жылды, әдеттегідей, Серхио жоғары деңгейде өткізді.
2015 жылда өткізген ойын саны: 36
Сары қағаздар саны: 3
Қызыл қағаздар саны:0
Гол+пас: 35
5.Луис Суарес
Уругвайлық шабуылшы осы маусымда керемет өнер көрсетті. Оған дәлел, Луис өзі 28 гол соғып, әріптестеріне гол соғуға 21 рет көмектескен екен. Суарес-Месси-Неймар футбол тарихындағы үздік трио. Үшеуі бір-бірін тамаша түсініседі, және араларында кім үздік екенін жақсы біледі, оны мойындайды.Бұл өте маңызды аспект.
2015 жылда өткізген ойын саны: 45
Сары қағаздар саны: 9
Қызыл қағаздар саны:0
Гол+пас: 47
4.Неймар
Өзінің жас футболшы екендігіне қарамастан, Бразилия құрамасының капитаны және лидері. Үздік үштікке кіруі әбден мүмкін. Месси жарақатына байланысты алаңда жоқ болған кезде, команданың басты көзірі. Және артылған үмітті толықтай ақтауда. Статистикасы да керемет:
2015 жылда өткізген ойын саны: 43
Сары қағаздар саны: 11
Қызыл қағаздар саны:0
Гол+пас: 46
3.Роберт Левандовски
Осы маусымның басындағы ойынының арқасында «Алтын допқа» таласатын үштіктің қатарында болуы мүмкін. Тарихтағы ең жылдам пента-трик авторы. «Еуро-2016»-ға іріктеу сайысындағы үздік сұрмерген.
2015 жылда өткізген ойын саны: 44
Сары қағаздар саны: 1
Қызыл қағаздар саны:1
Гол+пас: 47
2.Криштиану Роналду
«Реал Мадрид» тарихындағы үздік сұрмергені. Осы жыл барысында, әдеттегідей, көп гол салды, біраз еңбек етті, бірақ командасына 2014/15-інші маусымда титул жеңуге көмектесе алмады. Футболшыларға ең беделді сый үшін күрес өткен жылғы «Алтын доп» иегері мен дәл сол сыйды 4рет жеңіп алған жалғыз футболшы арасында болатыны түсінікті.
2015 жылда өткізген ойын саны: 46
Сары қағаздар саны: 6
Қызыл қағаздар саны:1
Гол+пас: 55
1.Лионель Месси
Бұл адам туралы ештеңе айтып керек емес. Маусымды тамаша өткізді, «Барсамен» мүмкін болған 5 титулдың 4-еуін жеңіп алды, Аргентина құрамасы «Копа Америка» жарысының финалында тек пенальти бойынша жеңіліп қалды. Месси сол жарыстың үздік ойыншысы атанды. Қысқаша айтар болсақ, аргентиналықты «Алтын доп» үшін күресте фаворит санаймын.
2015 жылда өткізген ойын саны: 50
Сары қағаздар саны: 6
Қызыл қағаздар саны:0
Гол+пас: 65
*Жолдастық кездесулер есептелмеді.
Букмекерлік бөлімшелер де аргентиналық футболшыда қарсылас жоқ деп есептейді.
1.Лионель Месси – 1,12 кф.
2.Криштиану Роналду – 7 кф.
3.Роберт Левандовски – 15 кф.
4.Неймар/Суарес – 25 кф.
Алмас БАЙДРАХМАН
ҚМУ-дың журналистика мамандығының І-ші курс стунденті