Мирослав Беранек: Қарсыластар қақпасына доп сүңгітуге жылдамдық жетіспеді

11.08.2011, 19:38
Мирослав Беранек: Қарсыластар қақпасына доп сүңгітуге жылдамдық жетіспеді
Мирослав Беранек Сириямен өткен ойыннан соң Қазақстан ұлттық құрамасының кемшіліктерін атап айтты. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мирослав Беранек: «Кездесу тартысты өтті. Ойынға дейін айтқанымдай Сириямен болған кездесуге Талғардағы оқу жаттығу жиынына қатысқан барлық ойыншыларды қатыстыруға тырыстым. Біз өз алаңымызда жеңіске жетеміз дер ойлағанбыз , алайда ол ойымыз іске аспады. Жалпы кездесудегі ойыншылардың көрсеткен ойнына дән ризамын, дегенмен таблодағы есеп көңілімнен шықпады. Сонымен қатар, бізді қолдап, дем берген жанкүйерлердің көмегі зор болды. — Гол соғу мүмкіндіктерін іске асыру жолында біраз қиындықтар болды ма? — Иа, біздің ойыншылар біраз жай қимылдады, оларға қарсыластар қақпасына доп сүңгітуге тек жылдамдық жетіспеді. — Қақпашыларға баға бере кетсеңіз. — Нестеренко және  Цирин жақсы ойнады. Нестеренко өз қақпасына доп дарытқан жоқ, Ал Цирин гол жіберіп алса да, өз иелігін жақсы қорғап, әріптестеріне көмек көрсете білді. — Давид Лория құрама сапына қашан ілігеді? — Қашан жарақатынан толық айығады, сол кезде құрамаға шақырылатын болады. —  Қыркүйектегі Еуропа сындарының іріктеу ойынында құрама қақпасын кім қорғайды. — Бұл маңызды мәселені шешуге уақыт әлі бар. Оны кейінірек ойлана жатармыз. — Кездесудегі Смақтың қимылына қандай баға бересіз? — Сымақов, Хайруллин, Логвиненко Аланиямен болған ойыннан кейін көңіл-күйлері болмай, біраз қателіктерге бой алдырды. Сымақовтың қапталы бұрынғысынан әлсіреп,бұл ойында Сириялықтар оның қапталынан атой салды. Тіпті біздің қақпаға доп енгізіп те үлгерді. Алайда оны түсінуіміз керек. — Кешегі ойында Қонысбаевтың ауырсынғанын байқадық. Ол жайлы не айтасыз? — Әзірге бәрі ойдағыдай. Дәрігерлер тексерісінен өткеннен кейін ғана, нақты жауап бере аламын.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×