Рауан Сариев "Атлетико Минейро" сапына ауысты

11.08.2011, 18:35
Рауан Сариев "Атлетико Минейро" сапына ауысты
"Оле Бразил Клаб" академиясында оқып, жаттығып жүрген жерлесіміз Рауан Сариев Бразилияның Белу-Оризонти қаласындағы "Атлетико Минейро" клубымен 3 жылдық келісім шартқа қол қойды. Бұл ақпаратты бүгін хабар агенттігі таратты. Аталмыш бразилиялық клубта тәлім алған бірнеше Бразилиялық белгілі ойыншылар бар. Олар:  Клаудио Таффарел, Андерсон Полга, Жилберто Силва, Амантино Манчини, Жулиано Белетти, Сисиньо және  басқалар. Аладоп.кз сайты  Рауан Сариевты осы жақсы жаңалықпен құттықтай отырып, жаңа клубында үлкен жетістіктерге жетіп, қазақ елінің футболын алға сүйрер азамат болсын деп тілейді және  Рауанға кәміл сенеді. Рауан Сариевтың  қысқаша өмірбаяны Аты - жөні: Рауан Сариев Алаңдағы орны: Шабуылшы Туған күні (жасы): 22/01/1994 (17) Елі: Қазақстан "Атлетико Минейро" клубы: Құрылған жылы:    1908 Стадионы:   "Минейро", Белу-Оризонти,  Минас-Жерайс,  Бразилия Көрермендер сыйымдылығы:   80.000 Президенті:   Алешандре Калил Тренер:    Кука Капитан :  Ревер Рейтинг :  КОНМЕБОЛ  9 КБФ: 6 Қатысатын лигасы:  Серия А Бразилия 2010 жылғы лигадағы орны:   13
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×