Мундиальды жеңген — El Manco (Жалғыз қол)

25.10.2021, 20:09
Уругвайда өткен алғашқы әлем чемпионаты 1930 жылы ұйымдастырылған болатын. Сол кезде Уругвай мемлекетінің 100 жылдығына байланысты еді. Әлем чемпионаты аясындағы барлық ойындар тек бір ғана стадионда өткізілді. Ол — Монтевидео қаласындағы стадион.
Мундиальды жеңген — El Manco (Жалғыз қол)

Алғашқы мундиальдың финалдық матчында Уругвай мен Аргентина құрамалары өзара бақ сынасты. 1930 жылы өткен Әлем чемпионатының алғашқы чемпионы атағы Уругвай құрамасына тиесілі болды. Уругвай аргентиналықтарды 4:2 есебімен жеңді. Және осы матчта ерекше көзге түскен бір жан бар еді. Ол — “El Manco” (Жалғыз қол).

 “El Manco” лақап атымен танымал — Эктор Кастро. Эктор Кастро — уругвайлық футболшы. 1904 жылдың 29 қарашасында дүниеге келген. 13 жасында электр арасы кесірінен қол білезігінен айырылды. Содан бері оны — “El Manco” лақап атымен атай бастады.

Эктор Кастро 1928 жылы өткен Олимпиада ойындардың чемпионы. 1930 жылы алғашқы мундиальды бағындырды. Кастро Уругвай құрамасының сапында бірнеше голдардың авторы атанды. Әлем чемпионаты аясында 2 мәрте көзге түсті. Финалдық матчта командасына жеңіс сыйлады.

Оңтүстік Американың екі мәрте чемпионы атанды. 1924-1936 жылдары “Насьональ” командасында өнер көрсетті. Одан бөлек “Лито” және “Эстудиантес” клубтарының намысын қорғады. Футболдағы мансабы аяқтала салысымен, бапкерлік мансабын бастады. “Насьональ” клубының бапкері атана жүріп, команданы 5 мәрте чемпион атандырды.

“Жалғыз қолмен” ойнап жүріп, биік белестерді бағындыра білген ойыншы ретінде футбол тарихында өз атын қалдырды. Футбол тек 90 минуттан тұратын ойын ғана емес. Футбол — бұл өмір. «Футбол — шектеуі жоқ әлем» екенін дәлелдеді.

Ерасыл Советбекұлы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×