Мұрат Өнал – Еуропа алаң дарында ойнап жүрген жалғыз қазақ футболшысы. Түркияда туып-өсіп, Еуропаға көшкен қандасымыздың баласы. 6 жасынан бері футболмен айналысады. Қазір Голландияның бірінші лига сындағы «Волендам» командасының шабуылшысы. Жасы 24-те. Голландияның 14, 16, 17 жас санатындағы ұлттық құрамаларын да ойнаған. Бүгінге дейін Голландия және Бельгияның «Амстердам», «Брюгге», «Ден Хааг», «Волендам» командаларында өнер көрсеткен. Арманы – Қазақ елінің ұлттық құрамасында ойнау.
– Футболмен қашан және қайда айналыса бастадың?
– Амстердамдағы «Веспуччи» әуесқой ко ман дасының футбол мектебіне 6 жасымда қа был дан дым. Алғашқы қадамым осы мектепте басталды. – Кәсіпқой футболшы ретіндегі ойын өрнегің қай командада басталды? – 17 жасымда жастар арасында үздік ша бу ылшы атандым. Сосын сол жылы Бель гияның ең мықты клубтарының бірі «Брюггеге» өттім. – Голландия жастар құрамасында ой наған екенсің. Бұл құрама сапында қан дай жетістіктерге жеттің?– 16 жас санатында Оңтүстік Амери ка дағы Ару бада қаласында өткен турнирде финалға дейін жеттік.
– Футболшы ретінде сенің ең басты қасиеттерің қандай және жалпы Голландияда осы спорттың қандай қасиеттері маңызды болып саналады? – Голландия футбол мектебі әлемдегі ең мық ты мектептердің бірі. Еуропаның үлкен коман да ла рында кем дегенде 1-2 голлан дия лықты көре ала сыз. Бұл елде кәсіпқой фут болшы үшін техника, жылдамдық, күш және ең бастысы ақыл ма ңызды фактор болып саналады. Бұлардың біреуі кем болса, ойнай алмайсыз. «Сенің ең жақсы қасиет теріңнің бірі – оңай гол соғуың», – дейді бапкерім. – Еуропа алаңдарында доп теуіп жүрген басқа қазақ футболшылары бар ма? – Жоқ. Көре алмадым. – Еуропа қазақтары Қазақстан ко ман да ла рының еуротурнирлердегі ойын да рына бара ма? Жалпы, қазақ коман да ларының ойында рын қадағалап жүре ме? – Иә, ойындарға барып тұрады. Қазақ бол ған дары үшін. Өйткені, Қазақстан біздің еліміз. Бар лық турнирлерді қадағалаймыз деп айта алмай мын. Бұл жақта тек CaspioNet қана көрсетеді. Ал ол арна ойындарды толық бермейді. Одан тек қысқаша мазмұнынан ғана хабардар болумен шектелеміз. – Ал өзің қазақ футболы туралы не біле сің? Қазақстан ұлттық құрамасында ойнағың келер ме еді? – Мен тек қана «Ақтөбені» білемін. Қате лес песем, өткен жылы Еуропа лига сында Голлан дия ның күшті клубтарының бірі «АЗ Алкмаармен» ойнады. Қазақстанға бір қазақ баласы ретінде кез келген көмегім тиіп жатса, бұл мен үшін орын далған арман болар еді. Әсіресе, ондай көмегім футбол арқылы болса, мен үшін ол үлкен бақыт!– Арно Пайперс кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасының Голландиядағы оқу-жат ты ғу жиынына шақырылыпсың. Бірақ команда сапынан көре алмадық. Қандай себеп болды?
– Иә, Голландиядағы жиынға шақырылдым және жолдастық кездесулердің біреуінде ойна дым. Гол да соқтым. Мені жақсы қарсы алған еді құрамадағы жігіттер. Ол кезде 19 жаста едім. Университетте оқи тынмын. Арно Пайперс Қазақстанға шақырды. Бірақ дәл сол кезде оқуыма бай ланысты ешқайда бара алмадым. – Қазіргі жаңа бапкеріміз чех Беранектен шақыру алсаң, құрамада ойнар ма едің? – Әр қазақ баласы үшін бұл үлкен мақ таныш. Әрине, Қазақстан ұлттық құра ма сында ойнағым келеді! Әңгімелескен Аршат ОРАЗОВ. «Егемен Қазақстан»Біздің серіктес: FONBET