«МЮ» Чичаритоны 10 млн еуроға сатады

24.04.2015, 23:20
«МЮ» Чичаритоны 10 млн еуроға сатады
«Манчестер Юнайтед» Чичаритоны сатылымға қоймақ. Мексикалық шабуылшы мен манчестерлік ұжымның арасында бір жылдық келісім-шарт бар. Қазір Чичарито «Реал Мадридте» жалда жүр, алайда «корольдік клуб» 26 жастағы шабуылшыны сатып алмақ емес. Чичарито «МЮ-дің» бапкері Луи ван Галдың жоспарына кірмейді, сондықтан голландиялық маман оны он миллион еуроға сатып жібермек. Хавьер Эрнандеске «Вест Хэм» қызығып отыр, сонымен қатар, «Валенсия» мен мәскеулік «Динамо» да шабуылшыдан үмітті.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×