"МЮ" үш қақпашыны көздеп отыр

21.05.2015, 02:19
"МЮ" үш қақпашыны көздеп отыр
Луи ван Гаал негізгі қақпашының клубтан кететінін жоққа шығармауда. Де Хеа клуб басшылығымен келісім-шартын созбай отырғанына қарағанда, отанына оралатын секілді. Егер, бұл жағдай орын алар болса, клуб басқа қақпашы іздеуі тиіс. Себебі, бір жылғы үзілістен кейін, өткен жексенбі ғана алаңға шыққан Виктор Вальдеске қақпаны сеніп тапсыру қауіпті. Бірнеше жыл "Барсаның" қақпасын қорғаған Виктор қазір бабында емес. Британия басылымдарының мәлімдеуінше, "Манчестер Юнайтед" бірден үш қақпашыны нысанға алып отыр. Әрине, олардың біреуі ғана келесі маусымда "қызыл сойқандар" сапына ауысуы мүмкін. Олар: "Аякстағы" Яспар Силлисен, "Тоттенхамдағы" Уго Льорис, және "Сток Ситидің" сапында өнер көрсетіп жүрген Асмир Бегович.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×