Найзағай тиген 16 жасар қақпашы есін жиды

09.07.2020, 04:10
4-ші шілде күні найзағай тиген қақпашының жағдайы жақсарды.
Найзағай тиген 16 жасар қақпашы есін жиды

Карина Заборовская, «Еңбек Туы» клубының қақпашысы Иван Заборовскийдің әпкесі ағасының жағдайы туралы айтып берді. Оның айтуынша, ол комадан шықты.

«Ия бұл рас. Жағдайы тұрақты. Келесі күні оларды госпитальға жеткізеді», - дейді футболшының әпкесі "Подъем" басылымына берген сұхбатында. Заборовскийді дәрігерлер қашан толықтай сауығып кететінін айтпаған.

Естеріңізге сала кетейік, Заборовский 4 шілдедегі оқу-жаттығу жиынында найзағайдан соққы алған болатын. Қақпашы ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Кеше, 6 шілдеде «Еңбек туы» командасының бас директоры футболшының жағдайы жақсарғанын айтты.

"Еңбек Туы" командасы Кәсіби футбол лигасында өнер көрсетеді. Мәскеулік «Локомотив» қақпашылары Маринато Гильерме, Антон Коченков және Никита Медведев 16 жасар қақпашыны қолдау мақсатында бейне хабарлама жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×