Намысты жігіттер көбейді

07.12.2012, 18:03
Намысты жігіттер көбейді

Маусым айында Қазақстан футбол федерациясының шақыруымен Армения астанасы – Ереванға жолымыз түсті. Бұл елдің ұлттық құрамасы соңғы жылдар бедерінде үлкен көрсеткішке қол жеткізіп келеді. Осы командамен біздің ұлттық құрамамыз жолдастық кездесу өткізді. Шеберлігі басым армяндар жеңіске жетті, ойын соңынан намыстан жарыла жаздағалы тұрған жас жігітке көзім түсті…
 
Ызаға булығып тұрған адамды әңгімеге тартудың қиын екені белгілі, бірақ тәуекелге бардым. Бұл – жастығына қарамастан мамандар мен жанкү­йер­лерден оң бағасын алып үлгерген жас футболшы Бауыржан Исламхан бола­-тын. Оңбай ұтылған құрамамыздың са­пында өнер көрсеткен жартылай қор­ғаушының жеке басына мін таға алма­дық. Бірақ құрама ұтылғасын жеңіліс ортақ қой, оның ашуланатынындай бар еді. - Бауыржан, жеңілуімізге не себеп болды деп ойлайсың? - Өзіңіз де байқаған боларсыз, қорғаныста өте сүреңсіз ойнадық. Одан кейін гол соғатын мүмкіндiктеріміз де аз болмады. Бірақ соны пайдалана алма­дық, ал алаң иелері жоқтан бар жасай білетіндерін мойындатты. Олар намы­с­ты екен, дегенмен терезесі тең бәсеке­лесу­ге әбден болар еді, әттең… Міне, Бауыржандай батыр атасы­ның есімін арқалаған жас талант өкінішін осылай ортаға салды. Сөзінің жаны бар. Армяндар өте намысшыл екендіктерін талай мәрте дәлелдеді. Жеңіске жете­лейтін қасиеттердің бірі – намыс. Еу­ропаның белді командаларын ұтып, то­сын оқиға тіркеп жүрген, шетелдерде туған армян ұлтының өкілдерін қатар­ға тартқан Армения құрамасы жайлы ұзақ әңгімелеуге болады. Бірақ біздің бүгінгі әңгімеміз намыс жайлы. Өздеріңізге мәлім, еліміз құрама­сын жаттықтырған бапкерлеріміз Қазақ­станда туған бірнеше футболшыға, сондай-ақ елімізге еш қатысы жоқ ре­сейлік екі ойыншыға төлқұжат әперіп, құрамды күшейтпек болды. Алайда құрамымыз күшейді деп айта алмаймыз. Әлгілердің ішінен тек Генрих Шмитд­галь ғана үмітті ақтап жүр. Ал Михаил Рож­ков бастаған өзге футболшылар қою шаңның арасына сіңіп, жоқ болды. Осы тұрғы­да ойға қалдық. Егер біз де армяндар сияқ­ты бойында өз ұлтының қаны бар ойыншыларды тартсақ, мүлдем басқа болар ма еді? Құдайға шүкір, сыртта доп теуіп, шеберлігін мойындатқан қазақ жастары жоқ емес. Түркияда туып-өс­кен, Голландияда футбол ойнап көпке танылған Мұрат Өналдың бір өзі сө­зімізге дәлел. Іздесек табамыз деп ой­лаймын. Германиядағы немістердің арасын түртпектеп жүріп, қазақ жеріне қаты­сы барларын таба алдық қой. Ендеше өзге жақта жүрген қазақ фут­болшыларын да дұрыстап ізделік, талантын тани біле­йік. Соңғы жылдары ұлттық құрама қа­тарында қаракөздеріміздің қатары кө­бейе бастады. Көңіл қуантатын үрдіс. Бірақ әлі де есік-тереземіз бүтінделді деп айта алмаймыз. Өзбектерге, армян­дар­ға, гру­зиндерге, әзірбайжандарға т.б. қарап тұрып қызығасың. Аталған елдердің ұлт­тық құрамаларының аты затына сай. Осы тұрғыда Қазақстан құрамасының қата­рындағы қазақ футболшыларын түгендеп көрсек. Таңат Нөсербаев, Ұлан Қоныс­баев, Бауыржан Жолшиев, Бауыржан Байтана, Бауыржан Исламхан, Ерзат Кенбаев, Елдос Ахметов т.б. футболшылар ойымызға бірінші ора­лады. «Астана» командасының өкілі Таңат Нөсербаев Мирослав Беранектің сені­міне мықтылап тұрып кірген шабуыл­шы. 1987 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген Таңат 2006 жылы «Ордабасы» командасының негізгі құрамына алы­нып, аз ғана уақыттың ішінде өзін жақ­сы қырынан танытты. 2008 жылдың тамы­з айында еліміздің жастар құ­­ра­масы­на шақырту алған Нөсербаев Поль­ша командасымен ойында екі бірдей гол соғып, жарқ ете қалды. Кейінірек оған швейцарияның белді клубы – «Янг Бойз» қызығушылық білдірді. Алайда келі­сімшарт мәселесі бойынша ортақ мә­мілеге келе алмаған швейцариялық пен Таңат Нөсербаев арасындағы байланыс үзілді. 2008 жылдың қазан айында ол Қазақстан ұлттық құра­масының сапын­дағы алғашқы ойынын өткізді. Бұл әйгілі «Уэмблидегі» Англия құрамасына қар­сы бәсеке болатын. Ал бас командамыз­­дың қатарындағы алғашқы голын Таңат Ук­раина құра­масының қақпасына енгізді. Қазіргі уақытта Нөсербаев ұлттық құ­ра­мамыздың белді мүшесі. Ұлан Қонысбаев. 1989 жылы Өске­мен қаласында дүниеге келген Ұлан 8 жасын­да отбасымен Таразға қоныс аударады. 2008 жылдан бастап «Тараз» коман­дасының қатарын толықтырған жарты­лай қорғаушы Қонысбаев алғаш­қы маусымда-ақ 7 гол соғып, көзге түсті. Сәл кейінірек ол еліміздің жастар құ­рама­сының сапына алынып, ол жақта да көпшілікті шеберлігіне тәнті етті. 2010 жылы Ұлан Қазақстан ұлттық құрама­сына шақырту алды. Осы команданың қа­тарындағы алғашқы кездесуін ол 2011 жылдың 9 ақпанында Белоруссия құра­масымен өткізді. 2011 жылдың 2 қыр­күйегінде Ұлан Қонысбаев Түркияда жергілікті құраманың қақпасына әдемі гол соқты. 2012 жылғы Еуропа бірін­ші­лігінің іріктеу кезеңі аясындағы бұл кездесу жанкүйерлердің жадынан шыға қойған жоқ болар. 2011 жылы Ұлан Қо­нысбаев Қазақстанның үздік футбол­шысы атанды және Қарағандының «Шах­тер» командасымен бірге еліміз­дің чемпионы деген атаққа қол жеткізді. Бауыржан Исламхан. 1993 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Ба­уыр­жан осы қаланың бас команда­сы­ның намысын жырта жүріп көпке танылды. Талантты жартылай қорғаушы көп ұза­май-ақ еліміздің жастар құрамасына шақырту алды. Одан кейін Мирослав Беранектің назарына іліккен Бауыржан Исламхан ұлттық құрамамыздың са­пынан орын алды. Ағымдағы жылдың басында Ресейде ұйымдастырылған «ТМД кубогында» Исламхан үздік фут­болшы деп танылды. Жамбыл Көкеев. Қазіргі уақытта ұлттық құрама сапынан көрінбей жүр. Ол 1988 жылы Алматы қаласында дү­ниеге келген. 2004 жылы 17 жасқа дейінгі Қа­зақстан құрамасының қатарына алынып, үш кездесуде 1 гол соқты. 2006 жылы 19 жасқа дейінгі еліміз құрамасында өнер көрсеткен Көкеев мамандар тара­пы­нан оң бағаға ие болды. Соның арқа­сында ол сол жылы-ақ алдымен жастар құра­ма­сының, одан кейін ұлттық құра­маның ойыншысы атанды. Яғни 2006 жылдан бастап ұлттық командамыз­­дың қата­рында 25 кездесуге қатысып, 2 гол соққан Жамбыл Көкеев Қарағанды­­ның «Шах­терымен» бірге екі мәрте ел чем­пионы атанды. 2008 жылы ол еліміздің үздік жас футболшысы деп танылды. Жамбылдың атақты «Уэмбли» стадио­нында Англия құрамасының қақпасы­на гол соққаны жанкүйерлердің есінде. Демек, ол – ТМД елдері бойынша ағыл­шындар қақпасына «Уэмблиде» гол соққан алғашқы фут­болшы. Сол сияқты Жамбыл Көкеев ұлттық құрамамыз­дың қатарына ілік­кен ең жас футболшы ретінде де дарала­на­ды. Оның бұл реттегі көрсеткіші – 17 жас, 4 ай, 25 күн. 1992 жылы Таразда өмірге келген Ба­уыржан Байтана да жанкүйерлердің сүйікті футболшысы. Болашағынан зор үміт күттіретін жартылай қорғаушыға Испанияның, Англияның футбол клуб­тары құда түспек болды. Бірақ олар Бай­тана өнер көрсететін қазақстандық клубтың рұқсатын ала алмады. Қазіргі кезде Бауыржан Байтана «Атырау» командасының намысын қорғап жүр. Қазақстан құрамасының қатарындағы алғашқы кездесуін Астанада Австрия командасымен өткізді. Кейінірек ол Венадағы қарымта ойынға да қатысқан болатын. Бауыржан Жолшиев 1990 жылы Қырғызстанда дүниеге келген. Жас ке­зінде отбасымен бірге Қазақстанға кө­шіп келіп, футбол әліппесіне біздің елде қанығады. Ол 2008 жылы «Алматы» ко­мандасының сапына алынды. Кейі­нірек «Атырауға» ауысты, ал 2011 жылдан бері «тобылдың» жейдесін киіп жүр. Осы команданың сапында ол 11 голдың ав­торы атынды. 2010 жылы Қазақстан­ның жастар құрамасына алынса, 2012 жыл­дан бастап бас командамыздың намысын қорғай бастады. Бауыржан, әсіресе, биылғы маусымның басында тәуір өнер көрсетті, бірақ кейінірек босаңсып кетті. Бойында шебер футболшыға тән қа­­сиет көп Жолшиев аянбай тер төксе биік­­-терді бағындыруға тиіс. Міне, әзірге осы футболшыларды қысқаша таныстырдық. Алдағы уақытта тізімді ұзарта түсеміз және жас та­лант­тарымызбен сұхбат ұйымдастыратын боламыз. Шалқар ЕСТЕН
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Келесі жаңалық
Гуйе "Тобылға" ауысты
Серіктес жаңалықтары
×