Неймар кедей-кепшіктерге арнап білім орталығын ашты

25.12.2014, 21:20
Неймар кедей-кепшіктерге арнап білім орталығын ашты
Футболдан «Бразилия» құрамасының шабуылшысы Неймар Прайя-Гранде қаласындағы кедей аудандардың бірінде білім орталығын ашып, салтнатты ресми шараға өзі де қатысты. НЕЙМАР, ФУТБОЛДАН БРАЗИЛИЯ ҚҰРАМАСЫНЫҢ ШАБУЫЛШЫСЫ «Бұл өте кедей аудан. Мен осы жерге жақын маңда өстім. Сондықтан, мұндағы халықтың жағдайын жақсы білем. Мен үшін жай ғана доп ойнаудың өзі арман болатын. Сол үшін күінне бірнеше сағат уақытым автобуспен қатынауға кететін еді. Қазір біз балалардың арманына жол ашу үшін өзімізде болмаған мүмкіндіктерді жасап жатырмыз. Сондықтан, мен және менің жанұям осы үшін де өте бақыттымыз. Білім орталығының аумағы – 8 мың шаршы метрді алып жатыр.  7-14 жас аралығындағы 2300 балаға арналған орталықта спортпен шұғылданумен қатар толыққанды білім алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, ондағы балалардың жанұясына көмек көрсетуге бағытталған арнайы бағдарламалар да қарастырылған.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×