Дортмундық "Боуссия" үшін, Ресейдегі "Зенитке" қарсы ойын алдындағы репетиция Гамбургте, "Имтах-Арена" стадионында болған. Иә, соңғы кездері, сапқа жарақатынан айыққан ойыншылар орала бастағалы бері "Боруссияның" қарқыны осал емес. Қарсылас 7 ойын қатарынан жеңілістің ащы дәмін татқан "Гамбург".
Жақында ғана жаттықтырушы ван Марвейк орнынан қуылып, команданы жаттықтыруға Мирко Сломка келген. Жаңа бапкер үшін бұл бірінші, "Боруссияға" қарсы ойын үлкен сынақ болмақ. Мұндай нашар нәтиженің себебі бұрынғы бапкерге байланысты ма, әлде клубта шынымен де дағдарыс бар ма оның сұрағына осы ойын барысы жауап беруге тырысады.
Матч баяу жылдамдықпен басталды. Басы қонақтардың басымдылығымен басталғанымен, таймның аяғына дейін "Гамбург" ойын тізгінін өз қолына алып Ирачек голынан кейін есеп ашып та үлгерді. Әрине, үзілістен соң Клопп шәкірттері Адлер қорғайтын қақпаға тап берді. Бірақ, еш нәтижесіз. Неге? Себебі, Мирко Сломка Клоппты тактикалық тұрғыдан сағын сындырды. "Боруссияға" қарсы ойында, ойыншыларға алаңда еркін қимылдауына жол бермей, алаңның әр бөлігінде қысым жасау. Бұл жағынан "Гамбург" ойыншылары жарады. Және, тағы бір фактор "Боруссияның" өз қаруын өзіне қарсы қойды. "Боруссия"-Еуропадағы ең жылдам қарсы шабуыл ұйымдастырушы команда. "Гамбургтың" екінші және үшінші голдары да қарсы шабуыл нәтижесінен кейін Вайденфеллер қақпасында тулады. Егер де бірінші голда нағыз қарсы шабуылдан кейін гол соғылса, екінші гол қарсы шабуыл кезінде айып соққсы еншіленіп ол голға айналды. Есеп қорытындысы 3-0! Енді, келесі ойындарда "Гамбургтан" жақсы нәтижелер күтетін боламыз. Команда тізгінін енді ғана ұстап, осыған дейін 7 ойын қатарынан жеңілістен көз ашпаған команданы жеңіске жеткізуі, онымен қоса "Боруссияға" қарсы, кез келген баркер қолынан келе берер іс емес. Дортмундықтарға бұл жеңіліс айтарлықтай психологиялық соққы болып тимесе де, жеңілістен нәтижелі сабақ алуы керек. Ал, егер "Зенит" "Боруссияны" тізе бүктіріп, ширек финалға жолдама еншілеуге ниетті болса, бүгін "Гамбург" қолданған тактиканы қолданғаны дұрыс. Ең бастысы, дортмундық ойыншылар жиі қателесетіндей жоғарғы қысыммен ойнау, онымен қоса жартылай қорғанысты мықтап ұстау.
|
22 ақпна. Гамбург. Стадион "Имтех Арена".
Төреші - Феликс Брых (Мюнхен).
|
ГАМБУРГ - БОРУССИЯ Д - 3:0 (1:0) |
Ирачек, 42 (1:0). Ласогга, 58 (2:0). Калханоглу, 90+1 (3:0). |
Гамбург |
Боруссия Д |
Рене Адлер |
Роман Вайденфеллер |
Марсель Янсен |
Марсель Шмельцер |
Слободан Райкович |
Сократис Папастатопулос |
Йохан Джуру |
Мануэль Фридрих |
Хайко Вестерманн |
Лукаш Пищек |
Милан Бадель |
Нури Шахин |
Томас Ринкон |
Свен Бендер, 46 |
Хакан Калханоглу |
Кевин Гросскройтц, 75 |
Толгай Арслан |
Генрих Мхитарян |
Петр Ирачек |
Пьер-Эмерик Обамеянг |
Пьер-Мишель Ласогга, 86 |
Роберт Левандовски, 67 |
Ойын барысында алаңға шыққандар: |
Жак Зуа, 86 |
Марко Ройс, 46 |
|
Марвин Дукш, 67 |
|
Йонас Хофман, 75 |
Ескертулер:
|
Томас Ринкон, 46 |
Пьер-Эмерик Обамеянг, 56 |
Жак Зуа, 86 |
Марко Ройс, 90 |
|
|
"Бавария" мен "Ганновер" деңгейлес командалар ойнаса, көкейде бір сұрақ қана тұрады. Мюнхендіктер қанша гол салады? Бүгін де қонақта Бундеслиганың ортаң қол командасын жауапсыз 4 гол тоғытып, тас-талқан етті. Бірінші таймда Мюллер есеп 25-ші минутта есепті ашса, араға 10 минуттай уақыт салып католондық Тиаго есепті еселеді. Екінші таймда да тура осы сценарий. Мюллер еншісіне дубль жазса, жарақатынан айығып алаңға оралған Шакири пасынан кейін, Манджукич есепті 4-0-ге жеткізіп, матч нүктесін қойды.
|
23 ақпан. Ганновер. Стадион "AWD-Арена".
Төреші - Кнут Кирхер (Роттенбург).
|
ГАННОВЕР - БАВАРИЯ - 0:4 (0:2) |
Мюллер, 25 (0:1). Тиаго Алькантара, 34 (0:2). Мюллер, 59 (0:3). Манджукич, 66 (0:4). |
Ганновер |
Бавария |
Рон-Роберт Цилер |
Том Штарке |
Себастьян Поконьоли |
Давид Алаба |
Кристиан Шульц |
Хави Мартинес |
Марсело |
Джером Боатенг |
Франтишек Райторал |
Марсио Рафинья |
Леонардо Биттенкурт, 37 |
Филипп Лам |
Ларс Штиндль, 68 |
Бастиан Швайнштайгер, 72 |
Мануэль Шмидебах |
Марио Гётце, 67 |
Саболч Хусти |
Тиаго Алькантара |
Маме Бирам Диуф, 78 |
Томас Мюллер, 62 |
Артем Руднев |
Марио Манджукич |
Ойын барысында алаңға шыққандар: |
Эдгар Приб, 37 |
Арьен Роббен, 62 |
Леон Андреасен, 68 |
Тони Кроос, 67 |
Артур Собех, 78 |
Клаудио Писарро, 72 |
Ескертулер:
|
Маме Бирам Диуф, 21 |
Марсио Рафинья, 23 |
Саболч Хусти, 27 |
|
|
|
Бундеслиганың 22-ші турының қалған ойындарының нәтижелерімен таныс болыңыздар;
Шальке-Майнц-0:0
Боруссия М-Хоффенхайм-2:2
Голдар: Херрман, 4(1:0). Янчке, 18(2:0). Роберто Фирмино, 56(2:1). Салихович, 82(2:2, пенальтиден)
Штутгарт-Герта-1:2
Голдар: Кобиашвили, 5(0:1). Бока, 45(1:1). Вагнер, 87(1:2).
Нюнберг-Айнтрахт Б-2:1
Голдар: Кумбела, 35(0:1). Кийотеке, 46(1:1). Пекгарт, 47(2:1).
Фрайбург-Аугсбург-2:4
Голдар: Вернер, 7(0:1). Шмид, 17(1:1). Мехмеди, 73(2:1). Верхаг, 78(2:2). Алтынтоп, 84(2:3). Хан, 90+4(2:4).
Вольфсбург-Байер-3:1
Голдар: Дост, 13(1:0). Сэм, 45(1:1). Луис Густаво, 59(2:1). Родригес, 73(3:1).
Айнтрахт Ф-Вердер-0:0
Фараби ӘБДІХАЛЫҚ