«Неміс машинасына» шамамыз жетпеді

23.03.2013, 18:14
«Неміс машинасына» шамамыз жетпеді

Бразилия жерінде өтетін 2014 жылы футбодан Әлме Чемпионатының іріктеу кезеңі жалғасуда. Елеутеудің сындары аясында Қазақстан құрамасы Германия аяқтаопшыларын «Астана-Арена» алаңында қабылдап, 0-3 есебімен ұтылып қалды.

Жергілікті уақытпен 24.00 басталған кездесуді тамашалуға «келген жанкүйерлерде Астана-Арена» стадионында ине шаншыр жер болмады. Еліміздегі спорт жанкүйерлері футболды әбден сағынғандай. Ертеректе айтақынымздай бұл матчтың 3 мың билеті Еуразия университетінің студенттеріне таратылды. Ал қалған билеттерді жанкүйерлер ойынға бір күн қалғанда алып біткен екен. Жалпы ойынға келетін болсақ, қос команда да алаңға кіл мықты ойыншыларымен шықты. Тек қазақстандықтардың сапында жанкүйерлер күткен Таңат Нөсербаев пен Жамбыл Куеев алаңғы шықпаса, Ұлан Қонысбаев екінші таймда ойынға кірді. Немістердің сапында тек бір өзгеріс орын алды. Астанадағы алғашқы жаттығуда жарақат алған Марио Гоместің орнына дортмундтық «Боруссияның» шабулшысы Марио Гетце шықты. Ойын бастала салысымен «неміс машинасының» аяқдопшылары допты өз иеліктеріне алды. Дегенмен бірінші таймның ортасына дейін мардымды шабуылмен көзге түскен жоқ. Кездесудің 19-минутында Йохим Лев мәжбүрлі түрде жарақат алған Юлиан Дракслердің орнына «Ареснал» шабуылшысы Лукас Подольскийді алаңға шығарды. Лукас алаңға шыға салысымен немістер матчтағы алғашқы голын салды. Орталық қорғаушылардың қателігін дер кезінде өз пайдасына жұмсаған Бастиан Шванштайгер қонақтарды 0-1 есебімен алға шығарды. Арада тағы екі минут өтпен жатып біздің орталық қорғаныста ойнаған Юрий Логвиненко мен Марк Гурман тағы қателікке бой алдырды. Бұл жолы қателікті оңтайлы Марио Гетце пайданалып, есепті 0-2 жеткізді. Бірінші тайм соңында біздің жігіттер азды-кемді шабыл жасады. Дегенмен соңғы соққыны жасайтын жоғары деңгейлі шабуылшының жетіспеді біздің құрамаға. Екінші таймды да Қазақстан құрамасы шабуылмен бастады. Дегенмен, неміс қорғаушлыра өз алаңдарында өте сауатты ойнап, Мануэль Нойер қорғаған қақпаға ешқандай да қауіп төндірмеді. Біздің жігіттедің 100 пайыздың гол соғатын екі мүмкіндігі болған еді. Алдымен алаңға тыңнан шыққан Ұлан Қонысбаев қақпа маңдайшасына допты дәл тигізсе, кейін Генрих Шмидгаль (айтпақшы, бұл ойыншының жейдесіне бүгін Шмидгаль деп емес Шмидталь деп жазыпты) Нойерден айласын асыра аламды. Екінші таймның орта белінде «сен соқпасан, саған соғады» қағидасы орын алғандай. Ойынның 74-минутында қарымта шабуыл арқылы томас Мюллер кездесудегі есепті 0-3 жеткізіп, матчқа нүкте қойды. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мирослав Беранек: Бүгін елімізде үлкен той. Наурыз мейрамы болды. Оның арты футбол тойына жалғасты. Өкінішке орай, біз бірінші таймың ортасында қателік жасап, екі гол өткізіп алдық. Менімше, бұл кездесу тағдырып шешіп кетті. «Астана-Арена» стадионына жанкүйерлер көп жиналды. Жақсы қолдау көрсетті. Команда тарапынан біз оларға шексіз алғысымызды айтамыз. Біздің құрама Германияны жеңу үшін әлі де деңгейіміз жетпейді. Футболдан Германия құрамасының бас бапкері Йохим Лев: Біз ойынның тағдырын бірінші таймда шешіп тастадық. Ол әрине, қуантатын жәйт. Дегенмен екінші таймда менің жігіттерім біршама сылбыр қимылдады. Осы жағынан менің көңілім толмады. Қазақстан құрамасына келетін болсақ, бұл құрамас Сан-Марино,Люксенбург сында ұжымдардан деңгейі әлдеқайда жоғары. Сіздерде футбол қарқынды дамуда. Алдағы он жылда Еуропа немесе Әлем чемпионатына өткіп қалуларыныз мүмкін. Бірақ, ол үшін көп еңбекту керек екенінде ұмытпау керек! Қазақстан – Германия – 0:3 Голдар: Швайнштайгер, 20, Гетце, 22. Мюллер, 74. Қазақстан: Сидельников, Киров, Логвиненко, Гурман, Дмитренко, Нұрдәулетов, Байжанов (Коробкин, 36), Шмидтгаль, Жолшиев, Хайруллин (Қонысбаев, 65), Остапенко (Гетериев, 82). Германия: Нойер, Лам, Мертесакер, Шмельцер, Хевенес, Хедира (Гюндоган, 82), Швайнштайгер, Эзил, Дракслер (Подольски 19), Мюллер (Шюррле 82), Гетце. Бас төреші: Анастасиос Какос (Греция) Ескертулер: Логвиненко, 11. Коробкин, 56. Дмитренко, 65 — Швайнштайгер, 70. Хеведес, 89.   «Астана-Арена» стадионынан репортаж жасаған: Уалихан Қосанбай
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×