"Астана" сапында 10 жыл өнер көрсеткен Ненад Эрич командадан кетті. Клуб оның "Астананың" жетістігіне қосқан зор үлесін бағалап, "1" ойын нөмірін Эричке бекіту туралы шешім қабылдады. "Астананың" экс-капитаны, өткізген матчтар бойынша клуб рекордын орнатқан Ненад Эрич өз эмоцияларымен бөлісті:
- Клуб маған бірінші нөмірді бекіту туралы шешім қабылдап, осылайша команданың жетістіктеріне қосқан қарапайым үлесімді бағалағанына шынайы таңқалдым және мұны мақтан тұтамын. "Астана" және Қазақстан мен үшін туған жерімдей болып кеткенін, клубта 10 жыл болғаным туралы, "Астананың" маған еурокубоктік матчтардың атмосферасын сезінуге мүмкіндік бергенін, бұл көптеген футболшылар үшін мансаптың шыңы болып табылатынын әрдайым айтып келемін!
Осы 10 жыл бойы "Астана" командасына қатысты адамдарға, команданың қуанышы мен ренішін бөліскендерге, яғни басшылыққа, барлық футболшыларға, бапкерлер штабына, әкімшілікке, клуб жанкүйерлеріне алғысымды білдіремін! Сондай-ақ мен клуб жанкүйерлерін ерекше атап өткім келеді - олар клубтың нағыз тірегі, мүмкін, оларсыз Ненад Эрич пен "Астана" болмас па еді, біз оларға үйреніп қалдық, қай жерде ойнасақ та, олардың қолдауын әрқашан сезіндік!
Өткен жылы болған пандемия мен аздап құлдырау жанкүйерлер мен команданы одан сайын жақындастыра түсетініне сенемін. Әрі қарай өмірім қалай болатынына қарамастан, достарымның көпшілігі Нұр-Сұлтанда қалып барады және менің жанымның бір бөлшегі "Астана Аренада" және "Астана" футбол клубында мәңгі қалады!
"Астананы" алда көптеген жағымды сәттер мен жарқын жеңістер күтіп тұрғанына сенемін, жақын арада Қазақстан Суперкубогі үшін өтетін ойындарда бәріміз бірге қуанамыз деп үміттенемін! "Астана" бұл атақты бес рет жеңіп алды, сол себепті неге биыл алтыншы рет жеңіп алмасқа? Қалай болғанда да мен командаға соны тілеймін.
"Астана" ФК баспасөз қызметі
Біздің серіктес: FONBET