Nike компаниясы Роналдудың бренді бойынша бутсы шығаруына тыйым салды. Ал егер әйгілі спортшы бұл тыйымды бұзса, онда Nike Роналдуға демеушілік жасау туралы келісімшартты бұзады. Сол себепті енді португалиялық футболшы Footwear CR7 брендінен бас тартып, тек күнделікті киетін аяқ киім шығарумен ғана айналыспақ. Осыған дейін компания Роналдуға алмазбен көмкерілген эксклюзивті бутсы сыйлаған еді. Бұл ерекше тарту футболшының «Алтын доп» жүлдесін алуына арналған. Криштиану Роналду аяқ киімнен өзге CR7 брендті ерлерге арналған іш киім шығарумен айналысады.