Никитенко «Қайратты» түлете ала ма?

01.12.2010, 17:24
Никитенко «Қайратты» түлете ала ма?
Жаңа маусымнан бастап Алматының «Қайрат» футбол клубын елімізге ғана емес, Ресейге де белгілі, беделді маман Владимир Никитенко жаттықтыратын болады. Естеріңізге сала кетейік, соңғы мау сым да «Қайрат» 32 ойында 29 ұпай жинап, турнир кестесінің 10-сатысына тұрақтаған болатын. Сол 32 ойында Алматының клубы алты-ақ ойында жеңіп, 15 ойында жеңіліпті, 11 ойында тең түскен. Қарсы лас тар қақпасына 17 гол соғып, өз қақ па ла рына 38 гол жіберіп алған. Әлбетте, бұл жақсы көрсеткіш емес. Мұны жанкүйерлер де біледі, басшылары да сезеді. Сондықтан клубқа бір серпіліс беруді көздеген басшы лар командаға жаңа бапкер тағайын дапты. Сонымен, кезінде Ваит Талғаевпен дуэт құрып, «Атырауға» екі мәрте күміс жүлде әперіп, Шешенстанның «Терегіне» Ресей кубогының иегері дәрежесіне жеткізген Владимир Никитенко бұдан әрмен «Қай рат ты» қайта түлету үшін тер төгетін бола ды. Дегенмен шынын айту керек, соңғы маусым Владимир Никитенконың өзіне де оңай болған жоқ. Тағы да Талғаевпен тандэм құрап, Талдықорғанның «Жетісуын» баптаған бапкер басшылықтың тапсыр ма сын орындай алмай қалған болатын. Яғни бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша үздік алтылыққа ілікпей, жүлделі орын дар ға таласу мүмкіндігінен айырылған-ды. Бұл аралықта «Қайраттың» да мәз болып жүрмегенін білесіздер. Футболшыларына тиісті жалақыларын бере алмай, әбден дымы құрыған. Нәтижесінде, жеңілістен көз ашпай, жанкүйерлерінің алдында мас қа ра болды. Десек те, маусым соңына қарай, тізгінді өз қолына алған Евгений Кузнецов команданың турнирлік жағдайын аз да болса түзегенсіді. Енді командаға келген Никитенко еліміздің бас клубын тур нир кестесінің төріне шығарады деп сеніп отыр алматылық жанкүйерлер. – Бұл күндері Владимир Никитенко – Түрікменстан астанасы Ашхабадта. Сол жақта біраз болғаннан кейін Алматыға келіп жұмысын бастауы керек. Алғашқы оқу-жаттығу жиыны жобамен желтоқ сан ның 15-інде басталады, – деп отырмыз деді «Қайрат» футбол клубының баспасөз хат шысы Михаил Маркин.

“Алаш айнасы”

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×