Нұралы Әліп «Зенит» сапында дебют жасады

04.03.2022, 14:09
Оның командасы ірі жеңіске қол жеткізді.
Нұралы Әліп «Зенит» сапында дебют жасады

«Зенит» Ресей кубогінің 1/8 финалындағы ойында өз алаңында владикавказдық «КАМАЗды» 6:0 есебімен ұтты.

Санкт-Петербургтік команда сапында Андрей Мостовой (дубль), Юрий Альберто (дубль), Александр Ерохин және Артем Дзюба көзге түсті.

Қазақстан құрамасының 22 жастағы қорғаушысы Нұралы Әліп «Зениттің» негізгі құрамында шығып, толық матч өткізді. Еске салайық, Ресей чемпионы «Қайраттың» ойыншысын сатып алу мүмкіндігімен жыл соңына дейін жалға алған болатын.

«Зенит» келесі матчын 7 наурызда «Уфаға» қарсы өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×