Нұрбол Жұмаскалиев «Астана» бомбардирлерінің арасында 3-орынға шықты

16.09.2011, 18:49
Нұрбол Жұмаскалиев «Астана» бомбардирлерінің арасында 3-орынға шықты
Нұрбол Жұмасқалиевтің «Ақтөбе» қақпасына салған голы «Астананы» жеңілістен сақтап қана қалмай, авторын Қазақстан Чемпионаты матчтарындағы «Астананың» үздік бомбардирлері үштігі қатарынан танылуына мүмкіндік берді. Ол «гол + пас» жүйесінде 21 (9+12) ұпай жинап, бомбардирлер тізімінде Егор Титовты озып кетті. Оның алдында тек 30 ұпайы (15+15) бар Игорь Бугаев пен Андрей Тихонов — 29 (12+17) қана бар. Нұрбол барлық ұпайын бір маусым бойында жинаған. Оның қатысуымен «Астана» талдықорғандық «Жетісудан» басқа Премьер-Лиганың барлық командаларына гол соқты. Айта кетейік, «Жетісумен» кездесу Астана қаласында, 24 қыркүйекте өтеді. Жұмасқалиевтен әбден «таяқ жеген» қызылордалық «Қайсар» болды. Осы командамен ойында Нұрболдың еншісіне 6 ұпай (3+3) жазылды. 4 ұпай (2+2) «Астана» вице-капитанының қоржысына «Қайратқа» қарсы матчта құйылған. Ал өзінің бұрынғы командасы қостанайлық «Тобылға» қарсы матчта Нұрбол тағы 3 ұпайға (0+3) қол жеткізді. fca.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×