Оденсе Вильяреалды қапыда қалдырды

18.08.2011, 16:03
Оденсе Вильяреалды қапыда қалдырды
Кеше Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңігің екінші күнгі ойындары болып өтті. Көпшілік қызыға тамашалаған Бавария -  Цюрих  кездесуінде Бастиан Швайнштайгер мен  Арьен Роббеннің соққан голдары мюнхендіктерді  топтық кезеңге өтуге біртабан жақындатты десек те болады. Ал, Висла Краков - АПОЕЛ  кездесуінде Патрик Малецкидің 71-минутта салған тамаша  голы, алаң иелеріне жеңіс сыйлады. Оденсе болса былтырғы Еуропа лигасының жартылай финалында өнер көрсеткен Вильяреалды қапыда қалдырды. Динамо Загреб Мальмені Саммирдің қос голы және  голға айналған пасы арқасында ойсырата ұтты. Маккаби  Хайфаның  алғашқы таймда ұрған қос голы алаң иелеріне жеңіс сыйлады. Генк клубының ойыншысы Барданың ойынның екінші бөлігінде соққан добы ештеңені  өзгерте алмады. Висла Краков  1-0    АПОЕЛ Гол: Патрик Малецки 71' Динамо Загреб 4-1  Мальме Голдар: Саммир 4'  60' ', Мехмети 17',  (П),  Рукавина 56', Бечирай 84' Оденсе               1-0   Вильяреал Гол: Андреасен 84' Бавария            2-0    Цюрих Голдар: Швайнштайгер 8', Роббен 72' Маккаби Х.        2-1        Генк Голдар: Амаша 8', Двалишвили 28', Барда 61'
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×