Дмитрий Огай бүгін Астанадан Қызылордаға жол жүрді. Себебі, онда ол кісі "Қайсар" командасының басшылығымен жүздесетін болады. Қызылордалық командаға жаңадан бапкер керек. Өйткені, премьер-лигада өнер көрсететін команда келер жылы өз алдына жоғары мақсаттар қойып отыр. Осыған дейін команданы Сергей Волгин баптап келген болатын.