Кеше кәрі құрлықта Футболдан Әлем чемпионатына берер соңғы жолдамаларды сарапқа салатын кездесулер болып өтті. Өтпелі кезеңде Украина өз алаңында – Францияны қабылдап, 2-0 есебімен жеңіске жетті. Күтпеген нәтижені тіркеуге украина шабуылшысы Роман Зозулия көп еңбек етті. Ол алдымен қорғаушылар қателігін тамаша пайдалана біліп, Уго Льорис қақпасына гол соқты. Одан кейін Рибери мен насри бастаған француздар жауап қатпақ болып, толассыз шабуылдарға иек артты. Солардың бірінде сәтсіздікке ұрынған Дидье Дешам шәкірттері Зозульяны тағы да ұрымтал сәтке жіберіп алды. Кездесудің бас төрешісі, түрік Джунейт Шәкір оған қарсы ойын тәртібі бұзылды деп 11-метрлік айып добын белгіледі. Пенальтиді орындаған Андрей Ярмоленко маңызды сәтте мүлт кетпеді. Қорытынды есеп 2-0 украинаның жеңісі.
Одан өзге тағы да үш кездесу ойналғанын да айта кетейік. Португалия өз алаңында Криштиану роналдудың соққан добының арқасында Швецияны 1-0 есебімен жеңді. Грекия құрамасы Румынияны 3-1 есебімен ұтып, Бразилия жерінде өтетін үлкен тойға бір табан жақындады. АлИсландия – Хорватия арасындағы ойында есеп мүлде ашылмады. Енді барлық сұрақтардың жауабын 19-қараша күні болатын жауапты матчтардан соң білетін боламыз.