Ойлан, Мауриньо, ойлан!

19.01.2012, 15:02
Ойлан, Мауриньо, ойлан!

"Барсаны" соңғы рет "Реал" өткен жылы кубок финалында ұтқан болатын. Содан бері жеңілістен көз ашпай келеді. Осыған қарап бұл командаларды екі тапқа бөлу керек секілді. Бірі "жұлдыздар командасы", бірі "жұлдыз команда".

Бас бапкер Мауриньо "Барсаға" қарсы амал-айланың барлығын қолдануда. Әзірге нәтиже жоқ. Осы кездесуден кейін Жозеге жақсылап ойлану керек. "Барсаның" ойынын бұзатын бір адамның жақын арада пайда болатыны белгілі. Сол адам кім болар екен деген сауал футбол әлемін шарлап жүрген жайы бар.

Криштиану Роналдудың мықты ойыншы екендігін мойындауымыз керек. "Барсаға" қарсы гол ұратын "Реалдағы" жалғыз ойыншы. Оның қасында Хави де, Иньеста да жоқ. Егер Месси "Реалда" ойнағанда дәл осылай өнер көрсете алар ма еді, кім білсін? Аяқдопшы үшін маңызды нәрсе бұл психология. Үнемі жеңілетін "Реал" сапында ойнап жүріп, әжелгі жауға қарсы шығуға адамның дәті қалай барады екен дейсіз ғой. Иә, Криштиану психологиялық жағынан да, жеке ұстаным жағынан да өзінің нағыз аңыз ойыншы екендіін дәлелдеп жүр.

Испания кубогы 1/4 финал, алғашқы матч. 18 қаңтар. Мадрид. Стадион "Сантьяго Бернабеу". Реал Мадрид - Барселона - 1:2 (1:0). Голдар: Криштиану Роналду, 11 (1:0). Пуйоль, 49 (1:1). Абидаль, 77 (1:2). Видео. Он-лайн трансляция. Реал Мадрид: Касильяс, Серхио Рамос, Пепе (Гранеро, 80), Рикарду Карвалью, Фабиу Коэнтрау, Алтынтоп, Диарра (Ёзил, 66), Хаби Алонсо, Криштиану Роналду, Игуаин (Кальехон, 66), Бензема. Барселона: Пинто, Даниэл Алвеш, Пике, Пуйоль, Абидаль, Хави (Тиаго Алькантара, 86), Бускетс, Иньеста, Фабрегас (Куэнка, 89), Месси, Санчес (Адриано, 83).
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
«Тотальный футбол»
Серіктес жаңалықтары
×