Ойын бар, нәтиже қайда? Гол бар, шабуылшылар қайда?

14.10.2014, 06:19
Ойын бар, нәтиже қайда? Гол бар, шабуылшылар қайда?
Казахстан — Чехия 2:4. Бились до конца Үш күн бұрынғы Амстердамдағы төрешілер мен голландықтарға қарсы ойыннан кейін, бүгін міне Астанада Чехияны қабылдадық. Голландияға қарсы жігіттеріміздің ойынына риза болғанымыз соншалық, "әй, Чехия Әлем чемпионатының қола жүлдегерінен мықты дейсің бе, жеңеміз ғой" дедік. Ал, сол чехтар осыдан бір айдай бұрын  сол Голландияны тізе бүктіргені есімізден шығып кеткендей.  Бүгін Красножан шәкірттерінен бұндай ойынның басындағы сылбырлықты күтпеп едік. Құдды, Астананың жасанды алаңында күнде өзіміздің отандастар емес, чехтар ойнап жүргендей әсерде қалдық. Сылбырлық, көбі жолданған адресіне жетпей қалған пастар, қорғаныстан шабуылға шығудағы идеяның, жылдам шешімнің жетіспеуі. Біз ойынға араласып, белсене кірісе алмай жүргенде чехтар гол соқты да кетті. Жылдам голдың, кез келген ойында, голды салған командаға психологиялық басымдылық беріп, өткізген команданы біраз есеңгірететіні белгілі ғой, Қазақстан да сондай күй кешті. Тек, жалғыз Бауыржан ғана орталық алаңда өз иелігіне алып, шабуылды тереңнен бастап көруге талпынғанмен, жалғыздың үні шықпас дегендей, әріптестер тарапынан тиісті қолдау болмаған соң,  Чех қорғаған қақпаның маңына жоламай жатып-ақ, доптан айырылып жаттық. Тек, соңғы 15 минутта екі-үш шабуыл ұйымдастыруға мүмкіндік алдық. Шомконың 4 чехты жанына жинап, ашық тұрған Сергей Хижниченкоға берген  әдемі пасынан кейінгі, Сергейдің әдемі деп айтуға ауыз бармас қиыс соққысын, Сергей мен Таңаттың қарсылас айып алаңында ұйымдастырған қауіпті сәтін атауға болады. Енді-енді бойға қан жүгіріп, голдың демесек те, шабуылдың иісі мұрнымызға келе бастаған кезде, дәл қазір екінші голын соқпаса, екінші таймда жағдайдың қиындайтынан сезген чехтар дегендеріне жетіп екінші голын Сидельников қақпасына дарытты. Екінші таймды енді белсенді бастағанмен, шындыққа тура қарағанда бәрі кеш еді. Тағы бір шабуылымыздан кейін, қонақтар үшінші голын соқты. Осылай, біздің бас көтергенімізге чехтар міндетті түрде голмен жауап беріп жатты. Ойын тағдыры толықтай шешілді. Осыдан кейін ғана жерлестеріміз шабуылға лап қойды. Алаңға Қонысбаевтың шығуы да шабуылға қан жүгіртті. Пресинг, тұс-тұстан ұйымдастырылған шабуылдар, жылдамдық, көбіне дәл пастар,  әрине, бұның бәрі жағымды ғой, бірақ осы өнерлерін бірінші таймда да көрсеткенде. Әрине, чехтармен де ойнауға болатынын ол кезде толықтай сезіне алған жоқ. Ойынның аяғына дейін, екі стандартты жағдайдан екі гол салып, қақпамызға бір гол жібердік. Бүгінгі ойыннан не көрдік, не түйдік? Әрине, бүгінгі қарсыласымыз да осал болған жоқ. Топтың көшбасшымен кездестік. Дәл бүгінгі таңда, шыны керек, олар жаңа бапкердің жаңашылдыған үйрене алмай жатқан Голландиядан да мықты. Ал, ұлттық құрамамызға оралар болсақ. жалпы бізде бір ауру бар еді. Ол, ойыннының басын, тіпті 80-ші минуттарға дейін жақсы өткізіп аяқ жағында ұйықтайтынбыз. Ал, бүгінгі ойын оған керісінше болды. Басында сүреңсіз ойын көрсеттік те, ақсақ қой түстен кейін маңырайды деп, ойынның екінші таймның екінші бөлігінде толықтай қалың ұйқыдан ояна бастадық. Футбол матчы 90 минут деп ұғатын идеалды командадан әлі ауылымыз алыстау. Бұл тұрғыдан көп жұмыс істеу керек. Тағы бір мәселе шабуыл мәселесі. Аузымызды толтырып, бір ойыншымыз шетелде ойнайды деп жүрген Хижниченкомыз, ол жақта жарытып тау қопарып жүрген жоқ екен. Тіпті, Қазақстандағы деңгейін жоғалтып алған секілді. Бауыржан Жолшиевтың алаңда жоқтығы білініп-ақ тұрды. Голландияға қарсы шабуыл өнерін көрсетер мүмкіндігі болған жоқ, бірақ бүгін алаңда болғанда нәтижелі ойынымен көзге түсеріне сенімді едік. Әсіресе, бүгін соңғы соққының дәлдігі жағынан шабуыл шеп ақсаңдады. Оның тайға таңба басқандай дәлелі, салған екі голымыздың авторы-Юрий Логвиненко. Ал, ол кім? Дұрыс, ол-қорғаушы. Өкініш өзекті өртесе де, қуантар жәйттар да болды бұл ойында. Ұлттық құрамадағы қазақтардың ойыны. Әсіресе, Бауыржан Исламханның ойыны. Жасы 21-ден енді асқан осы жігіттің ойын өрнегіне, пас берудегі салқынқандылығына, дриблингіне мін тағу қиын. Алыстағы әріптесіне дәл берер пастарын айтсаңызшы. Шындығында, орталық алаңның бүгінгі қожайыны деп атасақ та, артықтық етпес. Жалпы, бүгінгі ойын көрермендер көңілінен шықты. Тартысты ойын. Біздің бүгін, Амстердамдағы секілді төрешілерге айтар шағымымыз, өзгеге тағар мініміз жоқ. Кеш оянған, бар мүмкіндігімізді ұтымды пайдалана алмаған өзіміз ғана кінәліміз. Келесі ойында жігіттерге сәттілік жолдас болсың! Ал, келесі ойын келесі айдың 16-шы жұлдызында қонақта Түркияға қарсы болады.

13 қазан. Астана. Стадион "Астана-Арена". Төреші - Маттиас Гестраниус (Финляндия).

КАЗАХСТАН - ЧЕХИЯ - 2:4 (0:2)
 Дочкал, 13 (0:1). Лафата, 44 (0:2). Крейчи, 56 (0:3). Логвиненко, 84 (1:3). Нецид, 88 (1:4). Логвиненко, 90+1 (2:4).
 Казахстан  Чехия
 Андрей Сидельников  Петр Чех
 Дмитрий Мирошниченко (83)  Павел Кадержабек
 Илья Воротников  Томаш Сивок (81)
 Ренат Абдулин  Михал Кадлец
 Юрий Логвиненко  Давид Лимберски
 Дмитрий Шомко  Боржек Дочкал
 Асхат Тағыберген  Лукаш Ваха
 Андрей Карпович (58)  Даниэл Коларж
 Бауыржан Исламхан  Владимир Дарида
 Таңат Нөсербаев  Ладислав Крейчи (69)
 Сергей Хижниченко (70)  Давид Лафата (79)
Ойын барысында алаңға шыққандар
 Ұлан Қонысбаев, 58  Вацлав Пиларж, 69
 Азат Нұрғалиев, 70  Томаш Нецид, 79
 Абзал Бейсебеков, 83  Вацлав Прохазка, 81

Ескертулер 

 Асхат Тагыберген, 27  Даниэл Коларж, 31
 Танат Нусербаев, 53  
 Дмитрий Шомко, 76  
   

 

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Хольштайн
Аугсбург
19.30
П1
3.725
Ничья
3.52
П2
2.161
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Хоффенхайм
Боруссия Менхенгладбах
19.30
П1
2.408
Ничья
3.62
П2
3.085
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Айнтрахт Франкфурт
Майнц 05
19.30
П1
2.131
Ничья
3.89
П2
3.455
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Штутгарт
Санкт-Паули
19.30
П1
1.556
Ничья
4.685
П2
6.28
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Вердер
Унион Берлин
19.30
П1
2.285
Ничья
3.445
П2
3.475
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.21
Ипсвич Таун
Ньюкасл Юнайтед
20.00
П1
5.04
Ничья
4.175
П2
1.701
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.21
Вест Хэм Юнайтед
Брайтон энд Хав Альбион
20.00
П1
2.804
Ничья
3.72
П2
2.498
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.21
Брентфорд
Ноттингем Форест
20.00
П1
2.515
Ничья
3.605
П2
2.851
Чемпионат Испании. Примера
12.21
Сельта
Реал Сосьедад
20.15
П1
2.909
Ничья
3.21
П2
2.776
Чемпионат Италии. Серия А
12.21
Дженоа
Наполи
22.00
П1
5.79
Ничья
3.83
П2
1.719
Aladop Youtube
×