«Өлім тобы». Дания жарады

10.06.2012, 05:50
«Өлім тобы». Дания жарады
   Осыған дейін «В» тобы «Өлім тобы» деп аталған еді. Расында да Германия, Португалия, Голландия және Дания ұлттық құрамаларының бір топқа түсіп, жарыс жолына шығуы нағыз шиеленіске толы болары хақ еді. Алайда мамандар даттарды бұл топтағы аутсайдер команда санаған болатын. Бірақ Дания құрамасы жарады. Нидерланды ұлттық құрамасын бір доп айырмасымен жеңіп, сан соқтырып кетті. Ал енді нидерланды ойыншыларына келесі кездесулері оңай соқпасы айдан анық. Бұл екі ұлттық құрама арасындағы соңғы ойындар да Голландия құрамасының мысы басым болып келген екен. Ойын басталысымен «алқызылдардың» басымдығы байқалғандай еді. Бірақ уақыт өте келе ойындағы көрсеткіш таразысы теңескендей болды. Дания ұлттық құрамасы тамаша тактикалық ойын жүйесін көрсете білді. Мұны расында да мойындау керек шығар. Ойын соңына қарай бес бірдей шабуылшысын шығарған Берт ван Марвейк діттеген межесіне қол жеткізе алмады. Ван Перси, Роббен, Снейдер және Аффелайдың алаңдағы ойындары «алқызылдар» жанкүйерлерінің көңілінен шықпағаны көрініп-ақ тұрды. Өздеріне берілген мүмкіндіктерін мүлт жіберіп отырды. Бұл арада дат қақпашысы Андерсеннің ерлігін ерекше атауға да болады. Даттарға ойында жеңіс сыйлаған доптың авторы - Микаэль Крон-Дели.  24 минуттағы гол Стекеленбург қақпашының ауын жиып үлгеруіне мүмкіндік бермеді. Және даттарға жеңіс сыйлады. Дания құрамасы жарады. Голландия – Дания – 0:1 (0:1) Гол: Крун-Дели, 24 (0:1) Голландия: Стекеленбург, ван дер Вил (Кайт, 85), Виллемс, Флар, Хайтинга, ван Боммел, Н. де Йонг (ван дер Варт, 71), Снайдер, Афеллай (Хюнтелар, 71), ван Перси, Роббен. Дания: Андерсон, Аггер, Буск Поульсен, Кьер, Якобсен, Квист, Цимлинг, Эриксен (Шене, 74), Бендтнер, Крун-Дели, Роммедаль (Миккельсон, 84). Төрешілер: СКОМИНА, Станчин, Архар (все – Словения). Дания құрамасына жеңіс сыйлаған гол

Өмірбек  САНСЫЗБАЙ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×