"Челси" шабуылшысы Оливье Жиру "Миланға" ауысты, деп хабарлайды италиялық клубтың баспасөз қызметі. Келісім-шарт 2023 жыллың 30 маусымына жейін есептелген. Жиру жаңа командасында 9-нөмірмен ойнайтын болады. "Милан" "Челсиге" 34 жастағы шабуылшы үшін 2 миллион еуро төледі.
Еске салайық, Жиру 2018 жылдың қысында "Арсеналдан" "Челсиге" ауысқан еді, содан бері ол "ақсүйектер" үшін 119 кездесу өткізіп, 39 гол мен 14 нәтижелі пастың авторы атанды. 2011 жылдан бастап Жиру Франция құрамасына шақыртыла бастады. 2018 жылы ұлттық құрамасымен бірге әлем чемпионы атанды.
Біздің серіктес: FONBET