Оливер Кан: «Бавария» Алабаның алдына қызыл кілем жайды, бірақ ол бұл жолмен жүруден бас тартты»

23.12.2020, 23:18
Алаба «Бавариядан» жылдық жалақысы 25 миллион еуроны құрайтын келісімшарт талап етті.
Оливер Кан: «Бавария» Алабаның алдына қызыл кілем жайды, бірақ ол бұл жолмен жүруден бас тартты»

Аты аңызға айналған «Бавария» қақпашысы және қазір клубтың директорлар кеңесінің мүшесі Оливер Кан келесі жазда келісімшарты аяқталатын қорғаушы Давид Алабаның жағдайы туралы айтты.

«Қазіргі уақытта мен Алабамен келісімшартты ұзарту үшін не істеу керек екенін білмеймін. Біз оған қызыл кілемшені жайып, қолымыздан келген ең қолайлы жағдайларды ұсындық. Бірақ Давид және оның агенті Пини Захави бұл жолмен жүргісі келмеді. Алаба дәл қазір жаңа клуб іздеп жатқан сияқты. Біз оның шешімін қабылдауымыз керек», - деп келтіреді Goal.com Канның сөздерін.

Алаба осы маусымда Бундеслигада 12 матч өткізіп, 1 гол соқты. Футболшының Мюнхендік клубпен келісімшарты 2021 жылдың жазына дейін жарамды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×