Олжас Абраев: «Премьер-лиганың барлық клубы жаңа маусымға дайын»

09.01.2016, 22:31
Олжас Абраев: «Премьер-лиганың барлық клубы жаңа маусымға дайын»
Алдын ала мәліметке сәйкес, кейбір командадағы қаржылық қиындықтарға қарамастан Қазақстан премьер-лигасының барлық 12 клубы 2016 жылғы чемпионатқа дайын. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан Кәсіби футбол лигасының президенті Олжас Абраев мәлімдеді. – 2015 жылғы маусымға қандай баға бересіз? – Менің ойымша, былтырғы жыл жақсы жаңалыққа толы болды. Бірінші кезекте елордалық «Астананың» жеңісі қуантты. Менің ойымша, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығудың өзін үлкен жеңіс. Бұл – зор жетістік, бүкіл Қазақстан футболы үшін мереке. Сондай-ақ, алматылық «Қайрат» та сәтті өнер көрсеткенін атап өткім келеді. Олар Еуропа Лигасының топтық кезеңіне өтуге сәл ғана жетпей қалды. Және де, Алматының орталық стадионы халыққа тола бастады. «Астана Арена» стадионына да өткен маусымдарға қарағанда жанкүйерлер көп келетін болды. Бұл клубтық футбол саласындағы үлкен жетістік. Сонымен қатар, әрине, ішкі чемпионатта да ілгерілеушілік байқалды. Яғни, біздің клубтардың деңгейі жыл өткен сайын көтеріліп, жақсы нәтижелер көрсетіп келеді. Бізде маусым барысында алдын ала анықталған нақты бір аутсайдерлер жоқ. Биылғы жылы «Қайсар» футбол клубы Премьер-лигадан шығып кетті, бірақ бұл чемпионат аяқталар тұста бірнеше кезең бұрын белгілі болды. Бұл да клубтық менеджменттің белгілі бір көрсеткіші, себебі олар жұмыс істейді. Сондықтан чемпионаттың ортасында белгілі бір көшбасшылар немесе аутсайдерлер бар дейтіндей нақты бір кемшілік жоқ. – Келесі чемпионатқа қандай жоспарларыңыз бар? – Біз чемпионатты қалыптасқан форматта өткізу туралы шешім қабылдадық. Яғни, оған 12 клуб қатысатын болады. Бастапқыда Премьер-лиганы кеңейту туралы әңгіме болған, бірақ қазіргі кезең мен елдегі экономикалық жағдай Премьер-лиганы сол құрамда сақтап қалу және сол жарыс принципі деңгейінде дамыту керектігін көрсетті. Біз бірінші лиганың рейтингтерін жақсарту бойынша жұмыс атқарып келеміз және спорттық жарыс принципі бәрінен жоғары болуы тиіс. Яғни, клубтар келесі маусымда Премьер-лигадағы нашар командаларды жақсарту және ауыстыру бойынша жұмыс жасау керек. «Астана» келесі маусымды Чепиондар лигасының квалификациялық кезеңінен бастайды. Олар тағы да сәтті өнер көрсетеді деп үміттенеміз. Алматылық «Қайрат», «Ақтөбе» мен «Ордабасы» Еуропа Лигасының квалификациясынан бастайды. Сондықтан, барлық төрт қазақстандық клубқа сәттілік тілеймін, бүкіл Лига оларға қолдау көрсететін болады. – Қаржы мәселесіне қатысты не айта аласыз? Мысалы, қарағандылық «Шахтер» клубындағы қаржылық проблемалар жайлы пікіріңізді білсек. Сондай-ақ, «Ақтөбе» клубында да футболшыларға 500 млн теңгенің жалақысы төленбегені белгілі болды... – Ақтөбе облысы әкімінің айтуынша, бұл берешек маусымнан маусымға өтіп отырған. Әрине, бұл дұрыс емес, бірақ кез келген клуб бұндай жағдайға тап болуы мүмкін. Әсіресе, қазіргі таңда біз шетелдік ойыншылармен келісімшартқа отырған кезде шетелдік валютаға тәуелдіміз. Сәйкесінше, қандай бір тәуекелдер әрдайым болады, олар осы маусымға дейін де болған. Мен дағдарыс бұған ықпал етеді деп ойламаймын. Олар бұрын да, жалпы, әрдайым болған. Ал «Шахтер» ойыншылар алдындағы барлық берешекті өтеуге тырысып жатыр. Клуб бірінші кезекте осы мәселені шешпек, сондай-ақ келесі маусымды да жоспарлап жатыр. «Шахтер» де Еуропа Лигасының топтық кезеңіне алғаш рет өткен даңқты клуб. Бұл клубты еурокубоктың топтық турнирлеріне алғаш жол салушы деп атауға болады. Клубатарымызға осы мәселелерді шешуде барынша қолдау көрсететін боламыз. – Қазіргі таңда қауіпті аймаққа енген клубтарды атай аласыз ба? – Менің ойымша, көптеген клубтар қауіпті аймақта, себебі бюджет әлі бекітілген жоқ. Жақында біз осы тақырыпта әңгімелескен болатынбыз, барлық 12 клуб чемпионатқа қатысуға дайын деген алдын ала мәлімет бар, дегенмен қауіп әрдайым болады. Сондықтан, қазіргі таңда бірдеңе айту қиын, клубтар өз облыстарының бюджеттеріне тәуелді. Әкімдердің басым міндеттері бар екені мәлім. Біз үшін футбол басым міндет болса, оларда маңызды саналатын әлеуметтік сала бар. Біз қаңтар бойы келесі маусым чемпионатының күнтізбесін жасаймыз. Менің ойымша, сонда белгілі болады. – Ұпайларды санау жүйесіне өзгерістер енгізу жоспарланған ба? 2015 жылы ҚР чемпионын анықтау барысында осыған байланысты сын айтылған еді... – Ұпайларды санау, жалпы, кез келген формат әрдайым талқыға түседі. Жақында бізде Кәсіби футбол лигасы комитетінің техникалық жиналысы өтті. Біз онда Вайсс мырзаның («Қайрат» ФК бұрынғы бас бапкері – агенттік ескертпесі) нарызылық білдіргенін талқыладық. Біз бұл жүйемен төртінші маусым ойнап келеміз, маусым алдында ешқандай мәселе туындаған жоқ. Сондықтан, бұл схема алдын ала анықталды деуге болады, барлығы шарттар аясында болды. Клубтардың кез келгені бұл жағдайға тап болуы мүмкін еді. Бәлкім, бірінші кезеңде «Қайрат», екінші кезеңде «Астана» басым ұпайға ие болар еді. Мүмкін кейбіреулер әділ емес деп ойлайтын шығар, дегенмен тәртіп алдын ала белгіленіп қойған, сондықтан біз барлығы тең дәрежеде деп ойлаймыз. Осы жағдай бойынша жұмыс істеп жатырмыз, бұл жүйеде артықшылықтармен қатар кемшіліктер де бар. Біз қазіргі таңда артықшылықтар көп деп санаймыз, сондықтан жүйені ұстанамыз. Естеріңізге сала кетсек, «Астана» клубы алматылық «Қайрат» командасынан бір ұпайға озып, 2015 жылғы Қазақстан чемпионы атанған болатын.aaaaaaaaaaa
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×