Олжас Бөрібаев: «Командамыздың жартысы лимит ойыншылары»

30.04.2015, 16:38
Олжас Бөрібаев: «Командамыздың жартысы лимит ойыншылары»
Алматылық ЦСКА-ның бас бапкері Олжас Бөрібаев ел кубогы аясындағы «Тобылға» қарсы кездесу туралы ойымен бөлісті. «Командамыз жас, ал жастықта тұрақтылық жоқ, бәрін эмоция басып кетеді. Бір жерде былай жасағың келсе, бір жерде басқаша. Біздің әр ойынымыз – үйрену. Көп нәрсені түсіндіру қажет, өздеріңізде көрген шығарсыздар, матч бойы алаңда тұрып нұсқау көрсетіп тұрамын. Әлі де үйренеріміз көп. Командамыздың жартысы лимит ойыншылары. Бір жыл бұрын бірінші лигада ойнаймыз деп ойламаған жігіттер бүгінде ойнап жүр. Қате бар, бірақ ойнап жүр», - деді Бөрібаев. Естеріңізге сала кетсек, алматылық клуб қонақта тәжірибелі «Тобылдан» 1:2 есебімен жеңіліп қалған болатын.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×