«Омонияның» бас бапкері: «Қайраттың» деңгейі біздікінен жоғары, бірақ олармен иық тірестіруге болады»

15.09.2021, 02:18
Бұл бапкер «Қайрат» жайлы көп білмейтінін жеткізді.
«Омонияның» бас бапкері: «Қайраттың» деңгейі біздікінен жоғары, бірақ олармен иық тірестіруге болады»

Кипрлік «Омонияның» бас жаттықтырушысы Хеннинг Берг Конференция лигасының топтық кезеңінің бірінші турында алматылық «Қайратқа» қарсы өтетін матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Omonoianews.

- Конференция лигасында сіздер «Базель», «Карабах» және «Қайратпен» бір топта ойнайсыздар.

- «Базель» Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнады. Бұл өте жақсы команда. «Карабах» Еуропа лигасында да ойнады, жақында олар кипрлік командалармен кездесті, біз оларды басқаларға қарағанда сәл жақсы білеміз. «Қайрат» бізге таныс емес. Олар былтыр Қазақстан чемпионатын жеңіп алды. «Қайрат» бүкіл әлемнің ойыншыларын жинайды. Олардың деңгейі біздікінен жоғары, бірақ олармен күресуге болады. Бұл топта ойнау біздің дамуымызға өз септігін тигізеді. Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз және оның соңы қалай аяқталатынын көреміз.

- Алдағы «Қайратпен» болатын ойыннан не күтесіз?

- Бізді өте қиын ойын күтіп тұр. «Қайрат» өз алаңында «Црвена Звезданы» жеңіп, «Маккаби Хайфаны» жарыс жолынан шығарды. Олардың жақсы ойыншылары бар және жалпы алғанда, олар мықты команда. Бірақ біз оң нәтижеге қол жеткізу үшін бар күшімізді саламыз. Мұндай турнирге қатысқанымыз өте пайдалы.

- Конференция лигасының топтық кезеңінде сіздің командаға қандай міндет жүктелді?

- Қайталап айтамын, біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Біздің топта жеңе алмайтын командалар жоқ. «Базель» - жоғары деңгейлі команда, «Карабах» біздің деңгейге жақын, ал «Қайраттың» қандай деңгейде екенін түсінуіміз керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×