Қостанайлық «Тобылда» сынақта жүрген футболшымен таныс болыңыздар. 29 жасар чехиялық қорғаушы Ондрей Кушнир.
2003 жылы футболшы карьерасын «Витковице» клубында бастайды (60 ойын, 3 гол). Кейін Жижковтың «Викториясында» (53 ойын, 7 гол) және прагалық «Спартада» (74 ойын, 5 гол) өнер көрсеткен. Футболшының соңғы ойнаған клубы Либерецтің «Слован» командасы (34 ойын, 1 гол).
Чехия ұлттық құрамасында 4 ойын өткізген.
Абылайхан ЖҰМАШ