«Оқжетпес» футбол клубының құрамы сербиялық және камерундық легионерлермен толықты

20.02.2012, 08:35
«Оқжетпес» футбол клубының құрамы сербиялық және камерундық легионерлермен толықты
 Биыл Премьер лигаға қайта оралған Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубын өз құрамын да сербиялық және камерундық қорғаушылармен нығайтпақ.
 Олар өткен маусымда Бірінші лигада 2-орын алған еді. Енді команда басшылығы Сербия суперлигасындағы «Явор» командасының қорғаушысы Марко Милованович  пен Хорватияның «Интер» клубының  жартылай қорғаушысы Арманд Янкеппен келісімшарт жасасты. 1982 жылы 12-тамызда  өмірге келген Марко өткен маусымда Сербия суперлигасында 11-орын алған «Явор» клубында соңғы  3 жылда 73 матч өткізіп, 2 рет қарсыластар қақпасын дәл көздеген болатын. Ал 1985 жылы 17-желтоқсанда Камерунда туылған Арманд Хорватия чемпионатында былтыр 5-орын алған «Интер» сапында соңғы 3 маусымда 52 матч өткізіп, онда бір мергендік танытқан еді. Енді көкшетаулықтар 19-ақпанда соңғы жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға аттанады. Олар бұған дейінгі жиынын  Белек қаласында өткізіп, тынығу үшін Түркиядан Қазақстанға 12 ақпанда оралған болатын.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×