Көкшетаулық "Оқжетпес" Премьер-лиганың 9-турында Ақтаулық "Каспий" клубымен тең ойнады.
Матч Алматыдағы "Жас Қыран" стадионында өтіп, 2:2 есебімен аяқталды.
Матчтың есебін 26-минутта "Каспий" ойыншысы Себаихи пенальтиді сәтті орындау арқылы ашты. 33-минутта Бондаренко есепті теңестірді. Кездесудің 74-минутында Дарко Зорич "Оқжетпес" командасын алға шығарған еді, 86-минутта Себаихи тағы да пенальтиден гол соқты. Сонымен қатар 48-минутта "Каспий" сапынан Чубрило қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Бір ұпай алған "Оқжетпес" 5 ұпаймен оныншы орынға тұрақтаса, Ақтаулық ұжым 4 ұпаймен соңғы орында орында қала бермек.
Біздің серіктес: FONBET