«Оқжетпес» жаңа бас бапкер тағайындады

16.01.2021, 19:51
Попков бұған дейін де көкшетаулық клубта жұмыс істеген.
«Оқжетпес» жаңа бас бапкер тағайындады

57 жастағы ресейлік маман Сергей Попков «Оқжетпестің» бас бапкері қызметіне тағайындалды.

Волгоград футболының тәрбиеленушісі Сергей Попков қазақстандық футболмен жақсы таныс. Ол «Ақжайық» (2010), «Оқжетпес» (2015) және «Ордабасы» (2016) клубында бапкерлер штабының мүшесі болды. 2017 жылы «Оқжетпесте» бас бапкердің міндетін атқарушы ретінде маусымды аяқтады (5 матч) және Бірінші лигаға түсіп қалды. 2018 жылы оның басшылығымен көкшетаулық клуб бірінші орынды иеленіп, Премьер-лигаға оралды. Соңғы рет Ресейдің екінші дивизионында өнер көрсететін «Тюмень» клубында бас бапкердің көмекшісі болып қызмет атқарған.

Естеріңізге сала кетейік, «Оқжетпес» директоры Юрий Бондаренко мен Сергей Попков бұған дейін бірге жұмыс істеген. 2016 жылы «Ордабасыда» және 2017 жылы «Оқжетпесте» жұмыс жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×