«Оқжетпестің» бұрынғы бапкері өмірден озды

26.09.2021, 22:05
Беларусь маманы көкшетаулық клубты екі мәрте тізгіндеген.
«Оқжетпестің» бұрынғы бапкері өмірден озды

Көкшетаулық «Оқжетпес» клубының бұрынғы бас бапкері Сергей Герасимец 55 жасында қайтыс болды. Маман қыркүйектің 25-нен 26-на қараған түні өмірден озды. 

Герасимец Киевтің «Динамо», «Шахтер Донецк», «Динамо Минск», «Балтика», «Зенит», «Каунас» және басқа клубтарда ойнады. 1992-1999 жылдары Беларусь ұлттық құрамасында доп тепті. 2002 жылы Герасимец өзінің кәсіби мансабын аяқтағанын жариялады.

Кейін Герасимец «Томь», «Локомотив», Петербургтің «Динамосын» жаттықтырды. Жақында Герасимец «Ядро» командасының бас жаттықтырушысы болып жұмыс істеді.

Беларусь маманы 2006 жылы, сонымен қатар 2009-2010 жылдары «Оқжетпесті» баптады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×