«Ордабасы» «Ақсуды» еш қиындықсыз жеңді

18.07.2022, 03:00
Шымкенттік клуб жиырма күн ішінде павлодарлық клубты екі рет ұтты.
«Ордабасы» «Ақсуды» еш қиындықсыз жеңді

«Ордабасы» Қазақстан кубогі топтық кезеңінің екінші турында «Ақсумен» кездесті. Матч Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтіп, 2:0 есебімен аяқталды.

Ойынның 10-минутында Максим Федин пенальтиден өзінің дебюттік голын соқты. Жеті минуттан кейін Карам Сұлтанов Эльхан Астановтың асырған пасынан кейін есепті еселеді. Ал 37-минутта «Ақсудың» жартылай қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаев қауіпті ойнағаны үшін тікелей қызял қағаз алды.

«Ордабасы» – «Ақсу» – 2:0

«Ордабасы»: Бекхан Шайзада (қ) (к) – Әділхан Добай, Сағадат Тұрсынбай, Карам Сұлтанов, Одилбек Абдумажитов, Акмаль Бахтияров – Александр Батищев, Виктор Брага – Эльхан Астанов (Шохбоз Умаров 66), Максим Федин (Батырхан Тәжібай 67), Всеволод Садовский;

«Ақсу»: Марсель Исламкулов (қ) – Ғафуржан Сүйімбаев (к), Артем Попов, Ұлар Жақсыбаев, Қайрат Жырғалбек уулу – Михаил Бакаев (Жасұлан Қайыркенов 54), Анатолий Красотин, Асланбек Кәкімов, Ислам Жилов (Дамир Марат 55) – Арман Смаилов (Мирас Тұрлыбек 69), Еркебұлан Тұңғышбаев;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×