Шымкенттік «Ордабасы» жаңа бас бапкерді алдағы он күн ішінде тағайындауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Бұған дейін Владимир Газзаев бұл қызметке басты үміткер ретінде қарастырылған еді, бірақ ресейлік маман «Ордабасы» басшылығымен келісімге келе алмай, шымкенттік клубты жаттықтырудан бас тартқан. Үміткерлер қатарында Стойчо Младенов пен Вадим Евсеев те болды.
Өткен маусымда «Ордабасы» 20 турдан кейін 31 ұпай жинап, турнир кестесінде бесінші орынды иеленді. Айта кетейік, клубтың соңғы жаттықтырушысы болып 2018 жылдан бері жұмыс істеген Кахабер Цхаддадзе келісімшартының аяқталуына байланысты командадан кетіп қалды.
Біздің серіктес: FONBET